0 дауыс
17.4k көрілді
Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі 25 жыл ішіндегі басты жетістіктері керек еді

1 жауап

0 дауыс
Нұрмұхамед Байғара, саясаттанушы, «Алаң» бағдарламасының («Қазақстан» арнасы) жүргізушісі:

Меніңше, соңғы 23 жылда Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік. Бірақ тәуелсіз мемлекет ретінде біздің табысымыз не деген сауал туындаса, мен төмендегі бірнеше "олжаны" тізер едім. Себебі кейбір біз секілді егемен елдер бұған толық қол жеткізе алмай келеді десем, бос мақтағаным емес. Біріншісі, тәуелсіз, жаңаша ойлай алатын, сыни көзқарастан қорықпайтын жаңа қоғам, жаңа ұрпақ қалыптасты. Қазіргі қатардағы азамат өз ойын ашық жеткізе алады, қымсынбайды. Керек жерде  талап етеді. Келмеске кеткен Кеңес Одағын аңсамайды. Көпшілігі өз болашағын Қазақстаннның дамуымен байланыстырады.

Екіншісі, Қазақстан территориясы шекарасының толық анықталып, құжатпен бекітілуі. Бұл жетістікке жету үшін талай дипломат, топограф, тарихшылар, картографтар және өзге де мамандар сан жылдар бойы тер төкті. Ал осы істі толық басқарған президент Назарбаевтың сіңірген еңбегі шексіз. Елбасы кейбір көрші елдердің басшыларындай келер ұрпаққа шешілуі қиын әрі ұзақ ұлтаралық, дінаралық жанжалдарды, түйіні тарқатылмаған жер дауын қалдырған жоқ. Өз уақытында шешті.

Үшінші. Үлкен қиыншылықтармен болсын республикамыздың нарықтық экономикаға толық өтуі. Бүгінде Қазақстанда 2 млн аса жеке кәсіпкер бар. Олар қаншама жұмыс орнын ашты. Төрт-бес адамның біреуі жеке өз ісін ашқысы келеді. Студенттердің басым бөлігі жеке бизнес жайлы жоспарлайды. Бұл адам қабілетіне қарай табыс табуға мүмкіндік беретін нарықтық экономиканың жемісі деп есептеймін.

Әбіләзиз Исаев, саяси ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының доценті:

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктеріне тоқталар болсақ, мен 5 нәрсені атап өтер едім. Ең алдымен, біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы»  заңды қабылдадық. Одан кейін тағы да осы достастық мемлекеттер арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңымыз қабылданды. Үшінші, мемлекеттік қызметшілер элитасын қалыптастырдық. Төртінші, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы аясында Аймақтық Хаб құрылып, оның орталығы Астана қаласы тағайындалды. Бұл да бір үлкен жетістік Қазақстан үшін.Бесінші, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің құрылуы.

Осы дүниелердің бәрі жинала келіп, мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырды деп айтуға толық негіз бар
...