0 дауыс
501 көрілді
Чайковскийдің "Аққулар көлі" балетінің тәрбиелік мәні неде? - деген сауал қойып едім, аз ғана "общым который" жауаптар келді.
Себеп?

1 жауап

0 дауыс
Чайковскийдің "Аққулар көлі" балеті (кез келген музыка өнері, балет, опера) эстетикалық құндылықтарға негізделген, aisthetikos -сезілген, сезім арқылы танылған болмыс. Сондықтан музыкалық шығармадан тәрбиелік мән іздеген тәрбиеші жалпылама сөздермен шектеліп қалады. Өнердің эстетикалық қызметі (функциясы) мен тәрбиелік қызметін (функциясы) алмастыру совет педагогикасына тән үрдіс. Советтік империя күйрегенмен, советтік идеология әлі өміршең! Санадағы деколонизция келесі ұрпақтан басталар деген үміттемін. Педагогика идеология құралы болды. Идеология деген тек бір идеяға деген махаббат. Одностороннее движение. Басқа идеяларға орын жоқ.

Бала бақшадан бастап коммунистік жерлеуге дейін бір мақсат: «воспитание нового, высшего типа человека разумного — хомо советикус». Гитлер де "жаңа герман нәсілін" шығаруды қолға алған болатын. Өнердің түрлерінен, әдебиеттен, киім кигеннен, сөйлеуден, отырудан, жатудан, тұрудан, бәрінен тәрбиелік мән іздейміз. Сөзбен, жазбаша түрде тәрбиелейміз. Іспен өнеге көрсетуге келгенде "Айтқанды істе, істегенді істеме!" дейміз. Ұл баланың намысын азаматтық қасиетінен іздесек, қыз баланың намысын екі бұттың ортасына тығып қойып "Қызға қырық үйден тыйым! -деп дікіңдейміз! Екі ұдай дүние! "Тәрбие, тәрбие!" деп айқайлағандардың саны өскен сайын, тәрбиесіздердің саны неге көбейіп барады?! Сөзбен емес, іспен үлгі бола білген еді ғой ата-бабаларымыз!

Сондықтан "Аққулар көлі" балетіндегі кейіпкерлерін эстетикалық құндылықтар категориясынан тану керек. Сол кезде қойылымның кілті табылады, есігі ашылады. Олар сахнада бір-бірінен баға алу үшін емес, өмір сүру үшін әрекет жасап жүр.

Ең дұрысы, балетке бірге барып, талдауды сонда өткізу керек.
...