Әйелім абыройсыз Ақ босағаны аттады, жиіркенем, не істеймін, ажырасайын ба?

+1 дауыс
48.2k қаралым
Әйелімнің біреумен жатқаны көзіме келеді де тұрады. Бұл менің алғашқы некем. Басында ондай ойлар келмеген, енді ес жиіп жаман ойлар мазалайды мені. Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз Ақ босағаны аттағаны. Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің жігіттік намысымды таптап, үйлендім. Үйленгенде дейін, мәселені ести салып, мен жарты жыл толқындым, әрі ойландым, бері ойландым, басқа қыздармен де таныстым. Өзі де өкіріп жылаған, кешірімді сұрап. Менің тағдырым шығар деп, үйленуге бел буғанмын. Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Нақты кім екенін сұрамадым, жігіті емес екен. Қанша рет болғанын сұрамадым, қанша жігіттермен жатқанын да сұрамадым. Жаман ойлар келеді. Кейбір сәттерде әйеліме деген жиіркеніш пайда болады. Көңіл күйім жоқ болса, әйелім жылайды, менің қандай ойлы болатынымды сезетін шығар. Қандай кеңес бересіздер? Ажырасайын ба? Бір балам бар.

Өтінем, жігіттер, өздеріңді менің орныма қойып жауап беріңдер. Немесе осындай мен сияқты адамдар бар ма екен?
• Санаты: Махаббат | 48.2k қаралым
Өмір бойы әйеліме кек сақтағым келмейді. Сүйем оны. бірақ тыныш уйықтау менің арманым және де жаман ойлардан құтылу
Меніңше өткен өмірді еске алып бас қатырудың қажеті жоқ!Сізге айтар ақылым ажыраспаңыз, қайта әйеліңізге деген сыйластығыңызды арттырып, өткен нәрсені ұмытуға тырысыңыз!
Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Нақты кім екенін сұрамадым, жігіті емес екен. Қанша рет болғанын сұрамадым, қанша жігіттермен жатқанын да сұрамадым. Жаман ойлар келеді. Бұл сенің сөзің, ал енді....  Тоқташы!  Ол әйелің бұрынғы жігітімен ғана болғанда ше? Онда не болар еді? Ештеңе демеспедің?
Рахмет. Тырысамын. Тырысып жатырмын. Ғаламтор алаңыңда жасырын айтпасам, ішіме сыймай бара жатыр.
Білмеймін. Басында кешірдім, кейінгіге кешіре аламын ба деген үмітім бар. Әйелімен сөйлестім, нақты айтпайды, жылайды өкіріп, сұрағанның өзінде жарты күн жылайды. Бетіме баса берсең шыдай алмаймын дейді. Кетіп қалам дейді. Мен сені сүйем деді , ақымақ болдым дейді. Аяғыма жығылып жылайды. Бірақ менде сүйем оны. Қандай пікір қалдыра аласыз? Кеңес? Иә, мен білем, бұл менің шешімім, бас тартуға уақытым да, қақым да болған. Бірақ керісінше шешім қабылдадым. Бұл жәйт арамызда үлкен қабырға сыңайлы. Сұрасам жарты күн немесе бір күн жылаумен өтеді. Қазір кішкене ұмытып сабама келе жатқан сияқтымын, бірақ кейде өзім жалғыз қалғанда, осы ойлар мазалайды, тыныштық бермейді. Не істеймін?
Бауырым менинде басымнан отти бирак мен ажырасып тындым накты ойлан бирак сенин балан бар екен жаксылап ойланда шеш
зинахорга зинахор кездеседи
Біліп тұрып үйленсең енді кімге не дейсің? Басында кешірдің? жігіт болсаң ұмытта бақытты ғұмыр кеш. Бердің ба енді ауырды деме.
Кимге ким лайык екенин Алладан баска билетин ешким жок биринши бак БАҚ  екинши бақ СОР БАҚ дейді  бірінші бағыңнан айрылма катыным жерге калады ешкімге уйленбейді сорлайды деп ойлама себебі сондай ақылды жарым болса деп жүргендер көп мейлі қыз болмаса деп кайынсинилим кыз кезинде журис коп жасады кейн уйленди жигити кыз емессин деп турткилей берген сон ажырасты кейн кайта бай биреудин баласына шыкты атрау плаза  деген бизнес центр дин баласына шыкты нечего бакытты 2 улы бар кыз боп тиген бизден да артык омир суруде

54 жауап

+6 дауыс
Жақсы жауап

Сен еркек емессің бе?

Ол әйелге үйленбес бұрын басқа әйелмен жатпағандай сөйлейсің тіпті. Ол әйелді зорлаған мысық не ит емес қой сен сияқты анасы,әпкесі, қарындасы бар біреу. Сен ол әйелмен ажырасқан соң қызға уйленуге құқың жоқ себебі сен үйленген еркексің біреуден ажырасқан әйелді не жесір әйелді алуың керек болады. Балаң ер жеткенде сенің тағдырыңды қайталаса жақсы ма? Бұл қалай ұнайма? Сен сияқты еркек зорлап бетін ашқан әйелді сен алмағанда кім алады? 

Қазақ қыздары шетелдіктерге кетіп жатыр деп жар саласыңдар беттерің шімірікпестен. Олардікі дұрыс бір келетін өмірде ең болмағанда өзініңде, балаларыныңда қарындары тоқ, бастарында баспанасы болады. Сен вобще анау мынау деп саудалауға ешқандай құқың жоқ, себебі ол әйел саған өміріңнің жалғасы сәби сыйлады,ата -анаңды бағып отыр саған басқа не керек соны айтшы. Мен сенің ана әйеліңді аяп отырмын ата-енесін,баласын және сені бағып -қағып отыр. Сен еще оған ананы мынаны айтып ұялмай жарты күн жылайды дейсің. Жаман айтпай жақсы жоқ сол әйелің алай -бұлай болып кетіп басқаға қыз деп үйленсең, қызбын деп ақ жамылып келіп саған тиіп алып ойран салып ата-анаңды, балаңды және өзіңді күнде жерге тірілей көміп отырса не істер едің а?

Қыздарды зорлайсыңдар әрбіреуімен жатып тұрып, сонда оларды кім алады? Олардың орнына өз әпке-қарындастарыңды қойып көріңдер қалай екен.Менің марқұм Анам 4 келін түсірді, дүркіретіп той жасап, олар Анамның бір жаулығын жумақ түгілі өз астарын пісіріп ішуді білмеді, есесіне Анама балаларын айдастырып ақыры сол күйіктен Анам дүние салды, ал бауырларым ішкендері арақ жастары 50 ге жетпей ауыру, 70 тегі шалдан жаман халдері. Олардың алған әйелдері қызбын деп құда болыстырып ақ жамылып келін болып түсті, дұрыс білімдері де жоқ айлық курс, училище т.б. бітірген. Бірақ ауқатты жерге келін болып оқыған жігіттерге тиіп алды. Әкеде, шеше де дүниеден сол келіндерінің қорлығын көріп өтіп кетті. Бір келетін өмірде алдарына барын тосып жалпылдап отырған Ата-ананың қадірін тірісінде білмеді, енді ешкімге керектері жоқ сорлы болып жүр әне. Ал менің ол бауырларыма, келіндерге тілерім "Алла бар болса Әке-шешеме көрсеткендерін аумай төкпей алдарына келтірсін". Ал сен құтырасың ақылсыз неме,маңдайыңдағы бақты көрмей не соқырсыңба? Солай жағдай. Мен бұрын еш коммент.жазбайтын едім, мына сенің қылығыңа шыдай алмай жазып отырмын.
Жасым 60 - тағы Әжемін.

Ой айналайын әже,дурыс айттыныз 1000 процент косылам,дәл озім жазгандай боп отырмын ырза боп.
Кыздарымызды былгап кеткен ешектер,жар алар кезде адал,таза,кыз іздейді,"кыз"алган жаксы гой деп.
Жыныма тимендерші я,кыз алгын келсе кыз баласы мын жерден козін сузіп,жібін узіп турса да к.... Тый, оз карындасынды, ананды ойла ..
Кыздык жок,егер әрбір сумелек еркексымак кызды алдап-арбап-зорлап корлап"лактырып" кетсе.Ол сорлы сосын медицинамен кыздыгын салып алады да,дәл сен сиякты әнгудікті "лох" кып тиіп алады.

Қызды жамандай бергенше,алганынды жерге тыға бергенше оз куна мен істеріне адал болындар.Адалга адал,харамга арам жолыгар (((((
"кыз баласы мын жерден козін сузіп, жібін узіп турса да" деген сөзіңізге қосылмаймын. Қыз баласы біреуге көз сүзуге құқығы жоқ. Еркектерден аулақ жүрсе, ашық-шашық киінбесе ешкім оған тиіспес еді. Жігітпен жүрудің өзі күнә. Аллаһ Тағала сабырмен күткен адамға салиқалы жар нәсіп етеді.
Лайла00"кыз баласы мын жерден козін сузіп, жібін узіп турса да"  деген менің сөзім емес қаршадай болып маған ақыл айтайын деп пе едің бетің шімірікпестен.Оданда алаңғасарланбай көзіңді ашып қара не өқып отырғаныңды.Ол әйелде сен сияқты шала тәрбие көрген ойнақтап-тапырақтап от басқан.Енді менің жауабыма пікір қосушы болма.Керім ақылды болсаң өз шешеңе ақыл айт, маған мұндай нәрсе почтама келмейтін болсын,сен ияқты алаңғасар ақымаққа жоятын уақытым да нервім де жоқ ..АЛТЫНШАШ ӘЖЕ.
сиз калай айтасыз меним уйленейн деп откан кызым кыз емес мен жакындамадым ози айткан  арамга арам деген болмады мен мысалы еш кызды алдамаганмын тиыспегенмин ал енди не дисиз сонда кыз арамба ол кыз оте жаксы кыз азирше кыз кезинде бари жаксы арине
0 дауыс
Сен дені дұрыс бір психологпен сөйлесіп көр. Үйленбеген соң ештеңе айта алмаймын.
Меніңше, қыздар алдып күйеуге шыққан дұрыс сияқты, егер ары таза болмаса. Шаңырағы үшін. Сонда ері тыныш ұйықтайды. Ол ең ақылды шешім болар еді.
0 дауыс
Ал осыны неге әйеліңізге айтпайсыз ішіңіздегіні айтпайсызба?
Айттым. Күні бойы жылаумен өтеді.
Ол шын жылайды ма өтірік жылайдыма соны байқап көр. жасырын камера қоясың ба бірдеңе ойлап тап.
Шын жылайды. Өтірік жылаламайды. Шын жылағанына сенем.
Өтірік жыласа білініп тұрадығой шын жыласа көзіне жас ағады
Онда сіз неге өткенді ұмытуға тырыспайсыз? жаңа өмірді басынан бастауға неге тырыспадыңыз?әйеліңіз адал жар болса мінезі жақсы арам ойы жоқ болса жақсы емеспе? жалпы мен бастан өткермегесін мен үшін айтуға ғана оңай болып тұр.
Сенің әйелің ангел екен, егер ол операциялық жолмен қыз болып сені алдап тиіп алғанда нағыз опасыз шайтан болар еді, оның беті аулақ, бар ғой сондай опасыз қыздар. Ондайлар өз күйеулеріне опасыздық жасағандар.
0 дауыс
Сенін әйеліңнің  мамандығы кім?  білімі жоғары ма?  Дене бітімі, жалпы реңді. сұлу ма?  Адамгершілігі қандай?  Әйеліңнің отбасы қандай адамдар, тәрбиелі жерден шыққан ба?

өңдеді
Екі жоғары білімі бар. Жұмыс жасап жатыр. Жібердім жұмысқа. Білімі гуманитарный. Жалпы түр-әлпеті сүйкімді, тартымды, дене бітімі семіз емес. Адамгершілігі жақсы, айтқанымды істейді, сөзімді көтереді. Ата енесін сыйлайды, кейде еркелігі деген маған болмаса. Өзі ақкөңіл, ашық мінезді, сөзге сенгіш, зымиян емес, сөзге сенгіш дегенімде артық ойы жоқ, зымияндығы, арам ойы жоқ, қысқасы иттік жасамайды әйелім, соған нақты сенем. Әйелімнің отбасы, төркіні жақсы адамдар, қарапайым, көңілдері ашық, көңілшек адамдар, жаман деп айта алмаймын. Әке шешесі бар. Туған туыстары өте көп. Түрмеге ешкім отырмаған оның әулетінде. Анасы өте жақсы, тәрбиелі адам, сыпайы, баламдай қарайды маған, ашық мінезді кісі, қарапайым. Ал әкесі өте қарапайым, өте кішіпейіл, жаман адам емес. Өте тамаша адам. Оның төркіні жақсы әулет. Тәрбиелі адамдар олар, оны нақты айта алам.
Бауырым)) Ол кыз саган ескертти басында. Сен Ойланып шешим кабылдадын. Сен жаксы корсен ол айелдин осыган дейн не болган болса барин умытканын дурыс болар. Мен лично солай ойлаймын. Бари жааксы болады. Адам иманды, адамгершилиги мол болса болды. ЖАрынды аяла. Жаман нарселер туралы ойлама халык айта береди. Казир коп кыздар алданып кап жатыр го. Бирак осындай жагдайга тап болган екенсин. Ажыраспа. АЛлах берген жар сол гой енди. Мумкин сен ойлаганнан да жаксы кыз шыгар? БАкытты кыл карындасымды, ол ашылсын, жыламасын, еркелеп журсин. Сол кезде сенен бакытты адам болмайды!
Нагыз еркек болсан айелиннин сыртыннан олай жаман ойламаныз.осы созинди билсе ол сеннен жеркенетин болады.
+2 дауыс
Еркек болсан шыда. Баланды кангытып кайда жибересин. Биреу куштеп уйлендирген жок кой, кешир де умыт.
ол неге кешіру керек? аиелі оны алдаған жоққой басынан айтты,  өзі білді алды,  не үшін оны жазғырады?
+2 дауыс
Айтуыңа қарағанда әйелің жақсы, тәрбиелі өсіп-өнген отбасынан шыққан сияқты,, Оның үстіне өзің қатты сүйетін сияқтысың ғой, О баста әйелің ағынан жарылып, өзі кінәсін мойындап Саған ескертті,Ол өзінің адамгершілігін, ақтығын дәлелдеді. Өмірде кім шалыс баспайды,,, Сол кезде Сенде таңдау болды,Жарты жыл ойланыпсың, аз уақыт емес шешім қабылдау үшін, Сол кезде алған жауапкершілігіңе,Алланың алдында берген уәдеңнен айнығың келетін сияқты,Ойлан,Сен енді 2 адамның тағдырына жауаптысың, Жігіттер қызық, ажырасумен бар мәселеден құтыла алмайсыңдар ғой,,, Шаңырағыңды шайқалтпа балам!!!
+2 дауыс
Қазақ "өткенді еске алсаң өзегің өртенеді, болашақты ойласаң шаңырағың өркейеді" дейді. Ажырассаң баланың өмірін бұзасың. Сүйген адам шыдайды, жылайды, уақыт өте оның бәрі өзінің орнына келеді....
+1 дауыс
Сенi түсiнiп тұрмын. Оған үйленбей жатып махаббатың жоғары едi, ал қәзiр шақуатың басылды. Сен нәпсiңдi басқара алмай оған үйлендiң. Ал ендi шақуатың басылғанда, миың өз жұмысын бастады. Ал ендi сенi мазалап жатқан ойларға келер болсақ. Ол өз еркiмен қосылдыма деген сұрақ қатты қынжылтып жатыр. Үйленгенiме ол арзидыма? Не үшiн мен бiреудiң қателiгiн, өз мойнымда көтерiп жүруiм керек? Деген сияқты. Ия келiншегiң қателестi, ол қызды алып сенде қателестiң. Ажырасып тағы қателесесiң. Келiншегiңнiң жағдайын түсiнем. Ол бiлмей қателесiптi. Менiң орныма өздерiңдi қойып көрiңдер дегенiңдей, неге өзiңдi оның орнына қойып көрмеске? Қане оның орнына өзiмiздi қойып көрейiкшi. -Ия мен бiлместен шоқ бастым, өкiндiм, бiрақ мен оған қыз еместiгiмдi айтып едiм ғой. Неге ол менiң қателiгiмдi бетiме баса бередi? Менiң тағдырым оған ойыншықпа? Сонда оған тұрмысқа шығып тағы қателескенiм бе? Оныңда шыдамы таусылып ажырасып тындыңдар. Сен басқа қыз iздеп жөнелдiң, ол өзiне ойнас iздеп. Себебi ол әлi жас оғанда жiгiт керек. Ортадағы бала қалды. Тiрi жетiм болсада ер(бой)жетер, әркiмге түрткi болып өсседе. Кейде бiз барлық нәрсеге немқұрайлы қараймыз. Ғашық болсақ үйлене саламыз, сәл қиыншылық болса ажыраса саламыз. Сен тек қазiр қара басыңды ойлап отырсың. Жауапгершiлiк сен үшiн жат секiлдi, әлде ақылың әлi күнге шейiн тоқтамаған. Ендi сен өзiң үшiн өмiр сүруге хақың жоқ, керек болса олар үшiн мың өлiп, мың тiрiлесiң. Олармен ажырасып бұл күнiмнен жақсырақ өмiр сүремiн деп ойласаң қателескенiң...
0 дауыс
Менің ұсынысым жақын жердегі білімді иманмен сөйлесіп барлық шындықты айтып, кеңс сұраңыз. Ең дұрыс жол осы. Ол имн Сізге шариғат бойынша барлық жағдайды ашып Сізге дұрыс жол сілтейді.
0 дауыс
Автор абыроймен аттап кейін жүріс жасаса ше?! Тем более заман дамыған алде сени алдап тұрмысқа шыққанда ше?! сол сиякты откенди ойлама болашақты ойла
Келте ойлайсың. Өткен өтті. Не керек отбасыңның тыныштығын алып. Кемшілік ханның қызында да болады. Мойындаудың өзі ерлік. Кыздықты жасатып өтірік үйленіп алуы керек еді саган шындықты айтканша. Сиыр сипағанды білмейді деген. Сол өтірікпен өмірің өтер еді. Қыз адал кызды алдың дейікші әйелінен ажырасып. Сен адал деп алғаның бір кобра болса қайтесің. Барі тамаша екен. Сен просто тойған адамсың әйелінің сыйлап жугіріп жургеніне. Ажырасып осы куніңе зар боп қалма! Отбасыңдағы махаббатқа сыйластыққа.
+2 дауыс
Қандай қиын жағдай болса да, бұл мәселеңізді әйеліңізбен бірге отырып талқылаңыз, тиісті қорытындыны екеулеп жасау ғана көмектесе алады сізге, сол кезде жаныңыздың тыныштығы орнамаса, онда міндетті түрде кез-келген емес, жанұялық мәселелермен ғана айналысатын психолог маманына жүгінуіңіз керек!
+1 дауыс
Сіз жұмыстасыз ба? Жұмысыңыз қаншалықты жеңіл? Жеңілдеу болса қиындау жұмысқа шығыңыз сонда, әйеліңіздің өткен шақтағы мусор шелекке тастаған нәрсесін сізге арқалауға тура келмейді.
+1 дауыс
Бұл туралы шариғатта айтылған егер өмірлік бірге тұрсаң пайғамбар Мұқаммед с.а.с мен бірге жаннатта тұрасың.
+2 дауыс
Ажыраспаңыз. Не деп ажырасасыз? Ол сіздің әйеліңіз, ол сіздің балаңыз. Алдыңыздан өтті, кешірім сұрады, шындығын айтты. Әйел - сіздің Анаңыз, Апаңыз, Қарындасыңыз, Қызыңыз!
+1 дауыс
Бауырым, өз өзіңді бұлай кинағанша психологқа бар, мәселені шешіп аласың
+1 дауыс
Ішім күйіп бара жатыр, намысым жібермей жатыр, шаршап жүрмін. Сендерге айтуға оңай ғой. Мен не істеп қойдым деген сұрақ күні түні маза бермейді маған.
+1 дауыс
Бауырым менде де дәл осындай жағдай. Қиналып жүрмін. Менің 3 баламыз бар. Ал телегония туралы естігенде біреудің баласындай болып көрінеді балаларым. Мен де жылап аламын оңашада. Жүргіш жігітке жүргіш қыз кездеседі дейтін болсақ, меніңд достарымның көбісі қыздай алды. Қыздық туралы әңгіме болса жерге кіріп кете жаздаймын. Әйелің біреумен жатқан деп бетіме басқандар да кездесті... Несін айтасың... Көнеміз дағы амалымыз жоқ
+1 дауыс
Тым төмен ойланасың, ұмытуға тырыс алдағы уақытқа үмітпен қара.
+1 дауыс
Бауырым, менің де басымнан осындай жағдай өтуде. Мені жатсам-тұрсам осы ой мазалайтын. Шүкір етемін, намаз оқимын Аллаға шүкір. Бірақ жалғыз қалғанда өз-өзімді жей беремін. Мұны кім түсінсін. Бәрі ақылгөй, дана. Не істейміз, аңғалдығымыздан көреміз де... Бақыт тілеймін отбасыңа!
0 дауыс
Бақытты бол бауырым,,Менімен тағдырлас екесін.,Екеуміздің өміріміз ұқсайды екен,Алла сабыр берсін.
жігіт таза ақымақ екен,қыз басында шындығын айтқан, соны біле тұрып ұйлендің енді ұялмай соны жариялап отырсын, айтарым балаңды жетім етпе
0 дауыс
жақсы адам болса әйелің, онда неменеге сонша жеркенесін,,,,, қателеспейтін адам жоқ, Ол сені сыйласа, жақсы көрсе, ата анаңды сыйласа басқа не керек саған, Ашейін еригип отырған адамсын ғой,,,, Есіңді жи да не болса соны ойлай берме, Таңдау жасаған өзің, ешкім сені қинаған жоқ, Так что живи мирно и спокойно, Жоқ жерден бале шығармай
0 дауыс
Пайғамбарымызда  куйеуден ажыраскан  әйелге  уйленген көзі  тірісінде  әйелінің  көзіне  шөп  салмаған біле  білсеңдер жігіттер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Баланың тағдырын ойла жігітім, Әр бір қызды әйел етіп-ап қыз емес деп ажыраса берсе бұл өміде бақытсыз ана саны өспейме масқара ол сенің балаңның анасы біреудің қызы біреудің қарындасы ойлан жігітім өткенді ұмыт алдыңғы жақсы күндеріңді ойла.
0 дауыс
Заман бұзылды.Өйткені ұлттық тәрбиеден айырылып қалатын түріміз бар
0 дауыс
сол қыздың орнында сенің қарндасың болуы мүмкін.Өмірде бәрі болады.Сенімен де сондай жадай болса неетередің.Бұлай елден ақыл сұраанша өз ақылыңмен жаса.Ұлыңды өсіріп,арықарай бақытты өмір сүруды ойлан.Бәрін ұмытуа тырыс.Ақылға кел.
0 дауыс
мынаны жазып отырған еркек емес ез сорлы ғой. неменеге өзінің от басындағыны осында жазып оттап отыр. одан да болашағын ойламай ма? ажыраса қалғанда оған біреу жас қызын бере қоятындай. дәмесінң зорын. өзі бір құдды басқа адаммен жыныстық қатынасқа түспегендей. қыздай алса әйелін ұшпаққа шығарар ма еді? алдымен соған жауап беріп көрсінші. мақаланы жазған адамға айтарым, оттай бермей басқа шаруаңмен айналыс. өсек айтуға, елге жылауға уақыт тапсаң, демек еш жерде жұмыс жасамайтын көк жалқаусың. жұмыстан қолың босамайтын адам болса, мынандай нәрсені жазып, өзіңнің беделіңді түсірмес едің. айтарым, еркек емес сорлысың. одан да ертеңгі күніңді ойлан. қатыныңмен ажырасқанда ертең өзің қатын боласың. себебі саған ешкім тимейді, өзің тиюің керек болады.
0 дауыс
Ағам қыз алп еді  15 жыл отасқаннан кейін катыны жұмысқа қалай тұрды  вахтовый солай жүріс жасап ажырасып тынды Адал жарын менсинбей типти агамыз жокта еркек акелипти дейди коршилери Туптеп келгенде сондай кызга уйлегенің жақсы олар өз күнәсінің өтеуі ретінде енді сенен басқа ешкіммен болмайды
0 дауыс
сен ғашықсың , ғашықтар ғана қызғанады ,мойынада! ұлың бар ойлан ! жылатпа ол ана болды ,сені де біреу жылатар!Өкініп қалма! Өткенді қайтара алмайсың барыңды бағала!
0 дауыс
Ажырасу керек. Әйтпесе өміріңнің ақырына дейін өкініп өтесің. Жоғарыда айтылған пікірлер бос сөз, далбаса, жұбатушылық. Тағы бір байқағаным, осында сіздің келіншегіңіздей нәзік жандылардың көптігі. Айтылған кеңестердің біреуі ғана көңілге қонымды. "Сауатты иманнан кеңес алыңыз".
0 дауыс
Амансыңба бауырым! Уайымыңды түсінем жақсы, бұны тек еркектер ғана түсінеді. Бір ой келсе анау мынау мыйыңды жеп, мен іс сапарға кетіп қалсам үйге бір еркек келіп оған деген ықыласын көрсетіп қояма, дегенмен беті ашылған ғой деген шайтан үйірген ойлар келіп мазалағанда оған кет дегің келеді. Жастығымды құртамба осыған деген сан ойлар келеді де тұрады. Түсінем мен бірінші болуым керек еді деген уайымда бар. Бірақ біздер еркектерге не істесекте нормально ал қыз балдар үшін ондай қателік істеуге жол бермеуі хақ. Бауырым, бірақ мынаны ұмытпа – Таза мұсылман иманды еркек барлығында түсінеді барлығында кешіреді. Бөйтіп шаңырақ қүрып жатқан отбасылары қаншама. Мұнай компаниясында бір аудармашы қыз әріптесім болды. Сол қыз шетелдік еркек пен болды соның аудармашысы болды. Бұкіл компания білетін еді екеуі туралы. Уақыт өте ол шетелдік еркекте жұмысы бітіп еліне қайтты. Сонда сол қызды менің жолдас әріптесім ұнатып үйленуге бел буды. Оған ол қыздың тарихы туралы айтайын десем ауыз бармады. Қалайша айтам ол туралы бұкіл компания біледі ғой олда білу керек деген де ойлар болды. Ең қызығы ақыры жолдас жігіт үйленіп тынды. Сонда бір күні екеуміз қызыңқырап қалған кезде ол маған бар ішіндегі дүниесін ашты. Олда сен сияқты тебіренді. Бірақ мен сол жолдас жігіттің нағыз азамат екеніне таңырқап, кешірімді болу керек екенін үйрендім. Оның отбасы керемет баянды бақытты ғумыр кешуде. Қазір сен табан тіреп өзіңнің Алла қосқан қосағыңды түсініп, тек қана ер азаматқа тән мінез танытып оларды қорғап, асыл уақытыңды бекерге құртпағаныңды келіншегіңе түсіндіре біл. Ол сен үшін жанын беруге әр дайым дайын болатына мен сенемін. Мен саған ажыраспа балаңды немесе қызыңды ойла деген жұбату айтпаймын бірақ ішкі бұрыс дүниеңді жеңе біліп отбасын сақтап қалсаң сен Жұмақтың төрінен орын алатыныңды ұмытпа.
0 дауыс
Өзіңе әйелің шындығын айтқан екен сонда азаматтық жасап үйлендіңш түсінген болып енді өмірге ұрпақ әкелгенсоң өзіңді бүкіл әлемге әйгілеп отырсың мынауың не сасқанын?
0 дауыс
Салем ренжме сен ажрасканнан ол кздын омири конец болп калмайтн шгар
Немесе буган катты конил болмей женил карауга тырысып кара кеширим отинем тек саган комектеским келген
0 дауыс
Басқамен бір рет болған әйел екінші рет тағы болар өмірдің заңы.
0 дауыс
менін пікірім ажырасу.Қиналма,,,,әйелинді азаптама.сен оны ешқашан кешіре алмайсын.Ащы шындық осы.....
0 дауыс
бұл әңгімені жігіт басыңмен несіне жазып отырсың...әйел мен еркектің арасында құпия деген нәрсе болу керек...ал,сен өзіңді және жақсы көретін жарыңды жұртқа жария салып келеке жасап отырсың...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
2 жауап
127,937 сұрақ
322,809 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы