Екі жоғары білімі бар. Жұмыс жасап жатыр. Жібердім жұмысқа. Білімі гуманитарный. Жалпы түр-әлпеті сүйкімді, тартымды, дене бітімі семіз емес. Адамгершілігі жақсы, айтқанымды істейді, сөзімді көтереді. Ата енесін сыйлайды, кейде еркелігі деген маған болмаса. Өзі ақкөңіл, ашық мінезді, сөзге сенгіш, зымиян емес, сөзге сенгіш дегенімде артық ойы жоқ, зымияндығы, арам ойы жоқ, қысқасы иттік жасамайды әйелім, соған нақты сенем. Әйелімнің отбасы, төркіні жақсы адамдар, қарапайым, көңілдері ашық, көңілшек адамдар, жаман деп айта алмаймын. Әке шешесі бар. Туған туыстары өте көп. Түрмеге ешкім отырмаған оның әулетінде. Анасы өте жақсы, тәрбиелі адам, сыпайы, баламдай қарайды маған, ашық мінезді кісі, қарапайым. Ал әкесі өте қарапайым, өте кішіпейіл, жаман адам емес. Өте тамаша адам. Оның төркіні жақсы әулет. Тәрбиелі адамдар олар, оны нақты айта алам.