0 дауыс
1.5k көрілді
Әйелімнің көңілін қатты қалдырып алдым((( Не істесем болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әйеліңе қатал бол, сонда сенің оған бір күліп қарағаның оған шексіз бақыт болады. Егер кешірім сұрап, силық әпере берсең ол да күндердің-күнінде қызықсыз тіршілікке айналып, солай қалыптасып мәні де, сәні де кетіп қалады екен.  Егер менің сөзіме сенбесең, ең ақылды қыздардың өзі солай сұранып талай айтқан маған. Ол ақылды қыз тек қана мен өзім қорқатын жігітті ғана Пір тұтып, сүйе аламын деген. Шынында да солай сияқты, сенің силаған силығың сол әйеліңе өзіңнен де бағалы болуы мүмкін емес, ол алдамшы тірлік.Ол әйелің үшін ең қымбат сый сен өзің, және сенің таза махаббатың!
Жақсы екен. Алдымен ренжітіп алады да, артынша қатал болып жүреді. Қаталдықтан аралары суып кетеді деп ойламайсыз ба?
Қаталдық не керек? Мен сіздің пікіріңізге қосылмаймын. 5саусақ бірдей емес сияқты, әйелдерде әртүрлі сол үшін. Сол үшін қаталдықтан бұрын, әйеліне көңіл бөлуі қажет, анда-санда сыйлық сыйлап. Өйткені қаталдық танытып, әйеліңді өзіңді сүйдіре алмайсыз деп ойлаймын. Әйел ретінде пікірім сол!
+2 дауыс
Гүл және әйеліңізге ұнайтын бір сыйлық алып барыңыз да, кешірім сұраңыз. Жақсы көретініңізді айтыңыз. Міндетті түрде реніші басылады. Егер одан түк шықпаса, үнемі назар аударып жүріңіз. Әйел адамдарға внимание өте маңызды, оны сезінгенде ренішін ұмытады.
0 дауыс
Әйел адам үшін көңіл бөлу маңыздырақ. Сол үшін көп көңіл бөліңіз, ұнайтын іс-әрекет жасаңыз гүл немесе сыйлық сыйлап. Бар ниетіңізбен тырыссаңыз,ренішінде тез ұмытар. Әйел адам нәзік көңіл бөліп жүрсеңіз, ол сізді кешіреді деп сенемін. Және әрине сол қателіктерді қайталамай үшін өзіңіз де тырыссаңыз жақсы болар еді. Енді ұрсыспаңыздар! Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін!
...