0 дауыс
3.7k көрілді
100 жылдан кейін қазақ келіндері қандай болмақ?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше, 100 жылдан кейін технологияның дамығандығы сонша, келіндер ештеңе жасамайтын, олардың міндеттерін тек роботтар атқаратын күн келеді.
+2 дауыс
Жоғарыда Назерке әпкеміз айтқандай келіндер үйде отырады, ал жұмысты роботтар жасайды. Тіпті ол кезде бүкіл адамға роботтар қызмет ететін шығар?!
+2 дауыс

( Мөңке би көріпкелдің болжамы.)

Меніңше тура айтылған!

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады...

 

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Жас баладан биің болар,
Жас балшықтан үйің болар,
Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар.

Көлдің суы бітіп, табаны қалар,
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар.

Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір - жерге теңеледі,
Әйел - ерге теңеледі,
Көл - теңізге теңеледі.
Сиыр - өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы -
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны - ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
"Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады...

оте дурыс айтылган осы сози катты унайды.Казирги заманнын шынайы келбети осы емес пе?
0 дауыс
100 жылдан соң "әй келін" деген шақырудың орнына "әй ене" деген шақыру қалады!
+1 дауыс
Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз ба­ла бо­лып кел­ген жа­ра­ты­лыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі кел­ген­де оң босағадағы ор­нын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге ай­ыр­бас­та­уы, со­лай­ша бір үйдің, бір әулеттің келіні бо­луы мүмкін. Бірақ екінің бірі «бүкіл ұлттың келіні» де­ген абы­рой­лы атаққа қол жеткізе бермейді. Басқа ұлттарды айтпағанда, қазақтай келіннің ақ босаға аттаған күнінен бас­тап, аяқ алы­сын сы­нап, қадамы құтты келінді күтетін халық кем­де-кем, тіпті жоқ шығар. Ен­де­ше енелердің пікірін тыңдап көрелік.

Фа­ти­ма апа:

— Біз — өз қайғымызды өзіміз бөлісетін са­быр­лы халықпыз. Тіпті, от­ба­сын­да болған кикілжің, жан­жал­ды да көпке жай­май, сыртқа сыр ал­дыр­май­мыз. Іс насырға шапқанда ғана қысыла, қымсына ағайынмен кеңесіп, ақыл сұраймыз. Қазақ әу бас­тан келін де­ген ата­у­ды киелі са­нап, ұрпақ жалғастырушы ретінде мақтаныш санаған. Бірақ бүгінде киелі атқа кір келтіріп жүрген келіндеріміз көбейіп ба­ра­ды. Қазіргі келіндерден ертеректегідей ұзын көйлек киюді, ба­сы­на күні-түні ора­мал бай­ла­у­ды, үлкен-кішіге келіп сәлем беруді көпшілік та­лап ете бермейді. Бірақ жас келіннің шығыс елдеріне тән сәнді, ықшам киінгені артық емес-ау деп ой­лай­мыз. Шолтиған қысқа көйлек киіп, бал­ты­ры мен бөксесі жар­ты­лай жалаңаштанып тұрғанының не­ме­се толық бөксесіне тыр­ти­тып тар шал­бар кигенінің, ша­шы жұлған тауықтай бұрқырап жүргенінің, кірпігі мен көз ай­на­ла­сы қалың бо­я­у­дан сатпақталып тұрғанының мен мұндалап көзге ұрып тұрғанының несі жөн? Қазақ келіндерінің әдепті, ізетті, салмақты, ина­бат­ты болғанын көпшілік қалар еді. Несін жа­сы­ра­мыз, ер­те­ден сақталған, қанға сіңген ата дәстүрлеріміз бірте-бірте көмескіленіп, тіпті кей жер­лер­де ұмытылып ба­ра жатқанын мой­ын­да­у­ы­мыз ке­рек. Мәселен, үлкен кісінің ал­дын кес­пеу, үйге кел­ген қонақты жы­лы қабақпен қарсы алу, үлкендерді сый­лап, олардың ал­дын­да да­у­ыс көтермеу, қонақтардың көзінше ба­ла­ла­рын жекіп, зіркілдеп, ұрып-соқпау, ыдыс-аяқты орын­сыз сал­ды­рат­пау, ата-енесі мен күйеуінің ба­у­ыр­ла­рын сый­лап, оларға құрметпен қарау, ардақтау. Сол ұлттық дәс-түрлерімізді сақтап, олар­ды қолдап, иіліп сәлем беріп тұрған ізетті жас келіндерді кез-дестіргенде жүрегің жы­лып, ризашылық сезім оя­на­ды. Он­дай­да оларға: «Рах­мет, ай­на­лай­ын! Өркенің өссін. Көп жа­са, бақытты бол!» – де­ген тілек ай­тып, көргенді келіннің үйінен көңілің әжептеуір марқайып шығады.

Ұлжан апа:

— Мен тоғыз ба­ла­ны өмірге әкелген бақытты ана­мын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда тоғыз келінім, 25 не­ме­рем, 5 шөберем бар. Қазақ келіндері ина­бат­ты, иба­лы, үлкендерді сый­лай­тын, енесі мен ата­сы­на тіке қарамайтын, адамгершілігі мол адам бо­луы ке­рек. Өйткені ол ке­ле­шек ана. Ба­ла іштен бас­тап қандай тәрбие ал­са, сон­дай бо­ла­ды. Жа­рын сый­лап, кез кел­ген жағдайда «са­быр түбі са­ры ал­тын» демекші сабырлықты әрқашан кез кел­ген жер­де сақтау ке­рек. Жалпыайтқандаәйеладам ер азаматтыадамқылатын да сол, итқылатын да сол. Қыздың 40 жа­ны­бар дептеккеайтылмаған. Ұлттығымыздың тұтастығы, иманымыздыңберіктігі, рухымыздыңбиіктігі тал бесігіміздегі телімненбасталатыныдаусыз. Жаһандану дәуіріндежаныізгілікке іңкәр, мінезі көркемболмысынанбиязықазаққызының бет-бейнесіөзгерді. Өйтсе де әрбіршаңырақтың қаттықонағы ғанаемес, ұйытқысыболарқызбаланыңқадір-қасиетінұлықтай білсек, ұлттық дәстүрімізденалыстамағанымыз. Қызбаланықұттықонаққа балайтынымыздың тағы бір сы­ры жат жұрттықекеніндеболсакерек. Басқа ошақтың түтінін түтетіп, босағасынберікұстаудыаманаттайтынаналардың ақылы тын­дай білгендіадастырмасыанық.

Cондай-ақ, қазақ қызының ен үлкен бақыты — ана бо­лу де­сек қателеспейміз. Сәлемдегі ең тәтті нәрсе — баланың тілі, ал ең жұмсағы — ананың алақаны. Жарық дүниеге алып кел­ген перзентінің өмірден өз ор­нын та­у­ып, бақытты ғұмыр кешуі — әрбір ананың ақ тілеуі. Даналық пен даралықты егіз ұғым деп ұлықтасақ, бұл екеуі де ананың ақ пейілімен үндесіп жа­тыр. Ананың ақ сүтін ар­да ем­ген қазақтың Абай бастаған біртуар аза­мат­та­ры осыған дәлел болғандай.

Түймеш апа:

— Үйдің жы­луы, тазалығы әйелге бай­ла­ны­с­ты. Қазақ қашан да келінді сынаған. Шаңырақтың табалдырығын оң аяқпен аттаған келіннен пәктікті, тазалықты күтеміз. Қазіргі кейбір жас келіндер өздерін тым еркін ұстайды. Олардың ой­ын­ша, «қазақтың салт-дәстүрі ескіліктің сарқыншағы, қазір басқа за­ман, біреуге біреу тәуелді емес. Сондықтан, әркім өзіне ұнағанын киіп, сыйлағанын ғана сый­лау ке­рек. Егер жаңадан босаға аттаған жас келін дәл осы­лай ой­ла­са – қателескені. Ол оның халқымыздың салт-дәстүрін сыйламағаны, түйсігінің таяздығы, тіпті, қаттырақ қадап айтсақ, көргенсіздігі, ру­ха­ни жұтаңдығы, ұлттық тәрбиесінің жоқтығы.

Ен­де­ше, қыз өсіріп отырған әрбір ата-ана қызын қанша жақсы көрсе де оны тым ер­ке­лет­пей, шолжаңдатпай, өсе ке­ле ол басқа шаңыраққа келін бо­лып түсіп, түтін түтететінін, ана бо­лып, ба­ла-шаға тәрбиелейтінін ескертіп, отырғаны жөн. Қазіргі күндері күйеуіне үстемдік жа­сап, оны туған ата-ана­сы­нан, жақын ту­ыс­та­ры­нан «бездіріп» жіберген келіндер де аз емес. Қазақ дәстүрінде ер ба­ла әке-шешесін құрметтеп, ертең қартайғанда оларға па­на бо­луы ке­рек. Ертеңгі күні өзі де ене бо­ла­ты­нын, сол кез­де «ата­сы­на жасағаны ал­ды­на келетінін» бүгіннен ойлағандары аб­зал. Ал соңғы кез­де қартайған өз әкесі мен ана­сын жалғыз қалдырып, қолына әйелінің шешесі мен әкесін кіргізіп ала­тын ұлдар да кез­де­се бас­та­ды. Бұл де­ген не? Қайда ба­ра­мыз? Біз Еуро­па дәстүрін қабылдап, олар­ды өзі-өзімізге өнеге тұтамыз ба? Ойланайық, ағайын. Біз әлемдік деңгейде аз халықпыз. Сондықтан тілімізден, ділімізден, ата дәстүрімізден ауытқымай, ұлт ретінде сақталып қалғанымыз жөн. Біреулерге әуестену, еліту, басқаларға еру – мәңгүрттікке жетелейді.

Қазақ қызына қырық үйден, қала берді, есіктегі күңнен де тый­ым са­лып отырған. Осының барлығы не үшін? Оны­сын халқымыз «ұл тәрбиелей оты­рып жерді, қыз тәрбиелей оты­рып елді қорғаймыз» деп түсіндіреді. Міне, бір сөзбен-ақ қадап айтқан. Ен­де­ше, қазақта келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу де­ген сөз.

Ав­тор: Гүлсім МҰРЫНОВА.
0 дауыс
Адамнын жаманы болмайды.дурыстап уйретiп, тарбиелесе санасы бар адам барiн де алып кетедi. Казиргi енелердiн кобici 40-50 жас шамасында.олардын озин калай киiнiп тырнак осирмеу керек екенiн уйрететiн бiр адам керек.
0 дауыс
Айтудай-ақ айтамыз ау, бірақ өзіміз сол келіндерге ақыл айту, білмегенін үйрету жағы ақсап бара жатқан секілді. Көпшілікке топырақ шашпайын, егде жастағы әйелдердің өзі тар шалдар киіп, шашып қидырып, күні бойы сериал көріп отырады.  Балалары мен немерелерін екінші кезекке қояды. Сондықтан, қадірлі азаматтар барлық нәрсені өзімізден бастайық. Отан-отбасынан басталады.
0 дауыс
Ұяда не көресің ұшқанда соны ілесің - дегендей, бәрі тәрбиеге байланысты
...