Бұл жүйе X ғасырға дейін қолданылған. Сонымен қатар Ғ.Мұсабаев өз еңбегінде 700 санының ерекшелігін айта кетеді. «Көне заманда түркі халықтарында 7, 27, 37, 47, 70 — бөрі де тотемдік ұғыммен байланысты болған. Ал 700 — белгілі дөңгелек сан. Күлтегін, Тонықұқ ескерткіштерінде әскер саны жеті жүзге жеткенде, хан сайланса, онан да ерте, Бұхараның көне орнында жеті жүзге үй саны жеткенде, бастық сайланыпты. Мұхамед Шейбани (XVIғ.) әскер бөлігін жеті жүзден бөлген екен. «Айман—Шолпанды» жырлаған жыршы қолдың санын жеті жүздеп есептеді. Осы сайды да бір дөңгелек деп атаған көрінеді. Бұлайша санау — сан есімнің ескерілмей жүрген бір ерекшелігі»