Халықаралық Жер күні шығарма жазу?

0 дауыс
2.5k қаралым
Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 63 сессиясында бекітілді. Бұл күн 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді.

«Бұл күннің жария етілуі – Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады», - деп атап өтті Бас Ассамблея 63 сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокман.

Қарарда «Жер-Ана» термині көптеген елде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.

Жер 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болған. Егер адам экватор арқылы Жерді айналып шыққысы келсе, 40010 шақырымдай жолды жүріп өтеді екен. Жер бетінен оның өзегіне дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.

Жер бетіндегі ең ыстық нүктелер – Калифорниядағы Ажал алқабы мен Ливиядағы Әл-Әзизия деп аталатын жерлер. Ажал алқабындағы температура рекорды Цельсий бағамы бойынша 55,8 градусты (1913 жылы шілденің 10-ында тіркелген), Әл-Әзизия бойынша 57,8 градусты (1922 жылы қыркүйектің 13-і) құрайды.

Халықаралық Жер күні шығарма жазу?
Қазақ тілі

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы