+2 дауыс
4.2k көрілді
Вето құқығына ие 5 мемлекет бар. Және бұл құқық ол елдерге өте үлкен билік береді.Бірақ бұл құқық қалған елдерге әділетсіздік тудырады деп ойламайсыз ба?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қйымның ең негізгі құрылымы болып табылады. ОЛ - елдер арасындағы тыныштық пен бейбітшілікі сақтап отырушы құрылым.

Оның құрамында 15 ел, 5 - тұрақты, 10 - ауыспалы. 5 ел вето құқығына ие, олар - Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай. Қалған 10 мемлекет уақыт мерзімімен ауысып отырады.

Вето құқығы келз келген шешім қабылдауда ветосы бар мемлекетке шешімді тоқтатуға мүмкіндік беретін құрал. Осы уақытқа дейін 30 дей шарада вето құқығы қолданылған. Оның ішінде ең көп қолданған Ресей, сосын АҚШ.

Қазір Франция вето құқығын жою туралы ұсыныстар жасап жатыр. Оны қолдап отырған Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты елдер және тағы 67 мемлекет.

Вето құқығының қолданған жерлеріне мысал келтірер болсақ өткен жылы БҰҰ Сириядағы укімет басшысы Вашар Асадқа қатысты қарсы шара қолданбақ болған тұста, Ресей вето құқығын қолданып, болдырмай тастаған. Дәл сонлай іс Крымға қатысты Ресей тарапынан болды.

Вето құқығы осы 5 елдің өз қалаулары мен көзарастарының пайдасына қарай шешім шығартуға мүмкіндіктері зор. 200 ге тарта мемлекет осы 5 елдің қалауымен жүріп жатқандай болады. Бірақ, бір жағынан әр континенттің иелері ретінде, қарамағындағы елдердің үстінен қарап, керек кезде қолдау көрсетіп отырған ел ретінде вето құқығын беріп қойғанымыз да дұрыс. Өйткені, вето болса да, болмаса да үстемдігін жүргізуін тоқтатпайды. Керісінше, 5 ел де ядролық қаруы бар мықты ел ретінде вето құқығы болмаса, бір біріне қарсы шуғу ықтималдылығы бар. Байқасаңыз, вето құқығын қолданарда АҚШ өзіне жақын елдерін қорғап, балыс елдерге қарсы жүреді, басқа 4 ел де солай. Сондфқтан вето құқығы өз орнында қалғаны дұрысырақ. Әріғ сайлау жүйесі арқылы таңдар болсақ, соғыстың өршу қаупі бар.

Вето құқығының тағы бір артыұшылығы - әлі к.нге дейін әлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың болмағандығы. Сондықтан, артық қыламыз деп тыртық қылып алмайық.
...