Мода-сән үлгісі деген біреудің өтпей кладовкасында жатқан тауарын жұрт алдына шығарып, шаңын сүртіп өткізу деп білемін! Өз басыңмен ойланып, өз талғамыңа сай, өзіңе не жарасады соны ки деп айтар едім! Көшеден көресің, мода дейдідағы тыртитып бірдеме киіп алады немесе өз түр-түсіне сай емес мода деп бір түсті киімдерді киіп алады, бұлары сырт көзге тым онша емес көрінері сөзсіз! Мода деген - өзіңе жарасатын, кім екеніңді бірден көрсететін, денеңе қонымды киімдер! Американың "Кто хуже оденется" модасына еліктеуді қоятын кез жетті! Онымен қоса орыстың "матрешкалары" жамылатын орамалдарды мода ғып тағып алыпты қазіргі таңда қыздарымыз! Намысың қайда қазақ қызы...?!