+1 дауыс
317 көрілді
5 жылдан кейін мемлекеттік стандарттағы дипломдардың болмауына қалай қарайсыз? Бұл дипломдарды оңды-солды сатуға әкелмей ме әлде керісінше білім сапасын өсіре ме?

1 жауап

+4 дауыс
Неге ағымдағы дипломнан бас тартуымыз керек?

Білім сапасының көрсеткіші мәз емес;
Жемқорлық басым болғандықтан шынай диплом жазу көрсеткіші өте аз;
Мамандық үшін емес, ақша үшін оқу кең етек жайып кетті;

 

Quacquarelli Symonds (QS) атты беделді британдық агенттіктің жинақтаған әлемнің үздік 800 университеті құрамында біздің ЖОО бар. Олардың саны - 9. 2013 жылғы рейтингте 299-шы орында ҚазҰУ, 303-ші болып ЕҰУ тұр. 651, 700-ші орындарды да басқа ЖОО  иеленіпті. Бұл ҚР үшін өте төмен көрсеткіш. Өйткені, біз үшінші әлем елдері сияқты артта қалған ел емеспіз. Және де ЖОО оқитындар біледі бағаның қалай қойылатындығын.

 

Енді, жалпы жемқорлық бойынша көрсеткіште 175 елдің ішінде 126-шы орындамыз. Ол біздің елде жемқорлық үстемдік құрып тұрғандығының дәлелі.

 

Бізде диплом жұмыстарын сату, ақшаға жаздырып алу, комиссиямен келісіп алу жағынан қоғам қатты дамып кеткен. Былайша айтқанда, дипломды алу оп-оңай. Диплом ала алмай жаны мұрнының ұшына жетіп жүрген біреуін көрмейсің. Көргің келіп бара жатса, онда да ақшаға, параға көнбейтін орыс тілді орта ғана. Олар қинап тұрып дипломды жаздыртады. Өкінішке орай, қазақы орта, қазақ тобы олай жасамайды.

 

 

 

Егер, 5 жылдан соң қолданыстағы диплом алынып тасталса, керісінше

 

Білімнің сапасы көтеріледі;
ЖОО диплом үшін оқитындар жоғалады;
Дипломның орнына бірнеше жыл алған біліміңді дәлелдейтін таза тексеру әдісі шығады;
Дипломы бар, сапасы жоқ мамандардан қоғам арылады;

 

Меніңше, ағымдағы дипломның, оны тексеретін комиссия орнына басқа жүйе алып келу керек. Немесе, білімді шынайы тексеретін бір идея ойлап табылуы керек.
...