+1 дауыс
3.2k көрілді

Біріншіден, қыз-келіншектерге қойған сұрағымнан бастағым келіп отыр. Сұрағымның төркіні болашақ жарына опасыздық жасағысы келмейтін және де онымен бірге бар өмірін өткіземін деген қыз-келіншектерге айтар құлақ қағыс кеңесім болып отыр. Бәріміз Аллаға шүкір, мұсылманбыз! Мұсылман адам Алланың барын да және Оның кітабының Құран екенін де жоққа шығармайды. Құранда Бақара сүресінің 228, 234 және 235 аяттарында ескерткендей әйел адам күйеуі қайтыс болғаннан соң 4 ай 10 күн басқа еркекпен жақындаспауы тиіс және ажырасқан әйелдің басқа еркекпен жақындаспау мерзімі 3 етеккір мерзімі екендігі айқын жазылған. Бұл Алланың тыйымы қазіргі таңда белең алып бара жатқан негізгі қасіретке тосқауыл болады. Осы тыйымды назарда ұстаған қыз-келіншектердің ертең санын соғып қалмайтындығына және болашақ жарының өз ұрпағын иіскеуіне қиянат жасауынан сақтайтындығына толық көзіміз жетеді. Қалай? Еркектің әйел жатырында қалдырған спермасының құрамындағы хромосомалар - тек етеккірмен ғана, оның өзінде әр кезеңде 33-34 пайызы ғана кетіп тазарып отыратындығы ғылыми дәлелденген. Жоғарыда айтылғандай, 3 етеккір уақытын тосқан әйел адам жатырындағы алдыңғы төсек қатынасында болған еркектің хромосомаларынан түгелдей тек осы айтылған уақыт аралығында ғана тазарады. Егер тазармай жатып төсек қатынасына түсіп немесе некелесіп, сол некеден бала дүниеге келсе, онда ол баланың қанында алдыңғы еркектің хромосомалары да болады (хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады). Сондықтан, қазіргі кездің "модасы" тосек қатынасында үйлесіміміз бар ма екен деп жүрген "экспериментшілердің" немесе сен менікісің бүгіннен, енді міндетіңді немесе сүйетіндігіңді төсекте көрсет деп жүргендердің, ол алдауға көндігіп жүргендердің ертеңгі ұрпаққа тигізіп жатқан "ұрпақсыздық қасіретінің" зияндық мөлшерін өздеріңіз есептей беріңіздер. Ұрпақ жалғасының дұрыстығы мен тәрбиесі әйелдер қауымына тікелей байланысты! Әр қыз бала - болашақ ана! Қарындасым, болашақ балаңның анасы қандай болғанын қалар едің...?

Ал енді еркектерге келетін болсақ: "Өзіңе жақсы көргенді өзгеге жақсы көрмей, толыққанды мұсылман бола алмайсың" деген бар! Яғни, өзің абыройлы қызды алғың келе ме? Иә! Онда сен неге біреудің ертеңгі болашақ жарының абыройын төгуге әуессің? Ол да сен сияқты абыройлы қызға үйленгісі келеді емес пе?!

Түсінемін, ертең бәрібір қосыламыз ғой, жүріп жүрміз ғой т.с.с. деген "өзімізді алдаумен" өзіміз сезбей көп жастар төсек қатынасына түсіп жатады. Бірақ, олардың толық келешекте қосылатындығына кім кепіл? Ешкім! Қазір жүрген жастардың ертең үйленіп жатқандарының пайызы қанша? Кем де кем! Азы ғана! Онда біз неге өзімізді алдаймыз? Еркектің серілігі ол жерде сыналмайды жігіттер!

Ойлап қарасаң, төсек қатынасына дейінгі қыз бен жігіт қарым-қатынасы мен төсек қатынасынан кейінгі қыз бен жігіт қарым-қатынасын салыстырсақ жер мен көктей емес пе?! Сен алдап абыройынан айырған қыз немесе алдап барып-қайтып жүрген қыз баласы: біреудің аялап өсірген қызы, біреудің әпкесі, біреудің қарындасы, біреудің болашақ анасы делік! Онда сенің де осындай туыстарыңның басқа еркектің алдап-арбауына түсуіне көзқарасың қалай...? Намысқа тиетін, ішің удай ашитын шаруа иә...?!

Сөз соңында айтарым, өз балаңды сүйгің келсе, өз ұрпағыңды тәрбиелегің келсе, "өз балам" деп төс қағып айта алар балам болсын десең - есіңді жи, етек-жеңіңді жина, есерден аулақ бол ҚАЗАҒЫМ!

ана мен бала сәби

Ерұлан001, Біріншіденмен өз сенімінен қорықпаймын, Мен неге даладағы арабтың саудагерінің айтқанына сеніум керек, менің өз сенімім бар, сосын өзіңіз тарихты дұрыстап оқып қараңыз!!! қазақ даласына мұсылман діні 17-18 ғасырлардан баптап қана келді,
"...даладағы арабтың саудагері..." дегеніңіз кім?
"...даладағы арабтың саудагері..." дегенім Мұхаммед және оның сахабалары
Мен де бір пікірімді бөлісуді жөн көріп отырмын сіздермен. Біріншіден сөздің мағынасын, аудармасын таза түсініп алу керек бізге.  "Мұсылман " деген сөздің қазақша мағынасы  " Иманды, адал, әділетті" деген мағына береді, ал біздің дініміз Ислам діні. Ислам діні Адамзатқа түсірілген ең соңғы жаңа дін. Қазіргі таңда, Ислам дінін зерттеуші көзі ашық дүниежүзілік ғаламды зерттеуші ғалымдар  Исламды ғылым деп тануда.  Мен соны түсіндім. Бұл менің ғана пікірім емес, осы әлемді жаратқан құдіретті жаратушыны тану біздің міндетіміз деп білуіміз керек.
Қарағым, Ол Кісінің Кім екенін білесіз бе өзіңіз? "Аңдымай сөйлеген - ауырмай өледі" деген бар! Біреудің өмірі мен тарихын білмей қалай тіл тигізе саласыз? Бұл жазғаныңыз үлкен қателік қатарына жатады. Тәубеңізге келіңіз?!
Сосын, ренжімесеңіз, беталды сөз жазатын болсаңыз келесі жолы, ақ қағазға жазып өртеп жібере салыңызшы?
Мен өз ойымды, білдірдім, сенің не оайтынында шаруам жоқ, Ол кісінің кім екенін анық білем, көптеген идея таратушылар сияқты өз идеясынмен жұртты сендірген адам
Сіз үшін Алладан кешірім тілеймін! Аллам, осы жаратқаныңды Өз Рақымыңа ала гөр! Әумин!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Пайғамбарымызға тіл тигізуге ешкімнің хақысы жоқ... Бұл жерде тақырып ер-мен əйел арасы болып тұрған жоқ па?Сол тақырып аясында пікір қалдырыңыздар.
...