0 дауыс
17.0k көрілді
Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін білмеймін, білетінім басшылықтың сөзі әрқашан дұрыс

Уистлер заңы

Қазақ баласын "Үлкенді құрметте, үлкен кісінің алдын кесіп өтпе", "Аға тұрып, іні сөйлегеннен без" деп өсіреді. Жолы үлкен адамдарға әрқашан ізеттілік танытып, туыстық қарым-қатынаста да үлкен ептілікпен сыйластықты қалыптастырып келеді.

Субординацияның жалпы алғанда мағынасы да жолы, қызметі үлкендерге құрмет білдіру дегенге саяды. Белгілі бір адаммен қарым-қатынас жасаған кезде, оның жасы, жынысы, қызметі есепке алынады. Құрбы-құрдасымызбен түрлі тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіп, қалағанымызша қалжыңдаса алсақ, жұмыстағы әріптесімізге келгенде, барынша ресми болуға тура келеді. Жұмыстағы атмосфера университеттегі аудитория атмосферасына қарағанда, өзгерек. Бұл университетте субординация сақталмайды деген сөз емес. Декан мен мұғалім, мұғалім мен студент арасында да өзара сыйластық сақталуы керек.

Бүгінде бұл термин көбіне қызметтік қарым-қатынаста қолданыс тауып жүр. "Субординация" сөзінің өзі әскери жұмыстағы қызметкерлер арасындағы дистанцияны білдіру үшін қолданысқа енген болатын. Өздеріңіз байқағандай, қатардағы әскерлер армия басшысына қолын шекесіне апарып амандасады. Өзге кәсіп иелерінде басшылықпен амандасудың қол алысудан өзге көзге ұрып тұратын белгісі болмағанымен,субординация басшысы бар барлық жұмыскерлерге тән.

Түрлі дәрежедегі басшылар мен қатардағы қызметкерлер бір-бірімен өз-өзін ұстаудың ережесіне сүйеніп отырып, араласады. Басшылық тарапынан келген бұйрықтар мен оның есебі қызметтік субординацияережесіне сай жүзеге асуы тиіс.

Қарамағындағы қызметкерлерімен сөйлескенде, басшылық иерархия сатысы бойынша әрекет етеді. Мәселен, мектепте директордың орынбасарына, орынбасардың бірлестік жетекшілеріне, бірлестік жетекшілерінің мұғалімдерге бұйрық беруі субординацияның сақталғанын білдіреді. Дегенмен, бұл кейде басшылықтың жұмыстағы бар жағдайды біліп отыруына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да болар, Батыста алып фирмалардың өзі ұзақ иерархиялық сатыны қысқартуға бел буып отыр. Ал тек қана басшыға айтар мәселеңіз болса, қабылдануына алдын ала жазылып, кіруіңізге болады. Бұл да сіздің іскерлік этикетті сақтағаныңызды білдіреді.

Осы жерде бір мәселенің ұшы қылтияды. Ол бәріміз ет пен сүйектен жаралған адам баласы болғандықтан,эмоцияға берілуімізден субординацияның бұзылуы. Бастық өзіне бағынышты қызметкерлердің бәріне тең дәрежеде қарап, ешкімді бөліп-жармауы керек. Сондай-ақ басшылық бәріне бірдей қолжетімді болып кетсе, бұл жерде де субординация бұзылады.

Дегенмен субординацияны сақтаймын деп тым ресми болып кетуге де болмайды. Кілең жастар жұмыс жасайтын, шығармашылыққа ерік берген, еркін ұжымға жұмысқа кірсеңіз, солардың ортасына сай бейімделуге тырысқаныңыз жөн. Ал ресми қарым-қатынасты берік сақтаған компанияларда әріптестеріңіз сізбен қалай сөйлессе, оларға да солай жауап бергеніңіз дұрыс.

Мерекелік іс-шараларда, жұмыстан тыс уақыттарда бастығыңызбен тең дәрежеде сөйлесіп, сырласып, көңіл көтерсеңіз де, кеңсеге кірген бойда бәрін кеңсенің сыртында қалдырыңыз.

Сіздіңше субординацияның тағы қандай ережелері бар? Өзіңіз субординацияны сақтайсыз ба?

10 мәрте қайталап оқысам да субардинация сөзін түсінбедім. Түсіндіріп бере аласыздар ма?

2 жауап

+1 дауыс
Субординация ұғымын алғаш естуім. Дегенмен, ұғынуға жеңіл мағына береді екен.

Мен субординацияны қаншалықты сақтаймын?

Мұғалімдеріммен ресми сөйлеспейді екенмін, себебі, мен 18-ге толған азаматша ретінде, жеке тұлға ретінде ресмилікті жүз пайыз сақтамаймын, сақтауға тырыспаймын, сақтамаған жөн деп санаймын.

Достарыммен не айтпаймын десеңізші. Нағыз ашық, жарқын, көңілді ортада субординацияның сақталуы тіптен қажет емес.
+2 дауыс
Былайғы өмірде көп сақтала қоймайтын болар, бірақ Субардинацияның шын мағынасын армияға барғанда дұрыс білдім, (енді онда қатаң сақталады) Өзіңнен шені үлкен адамның бұйрығы қатаң заң, не айтса да міндетті түрде орындауың керек, қарсы сөйлемейсің. "Приказ не обсуждается" дейді ғой
...