+1 дауыс
3.0k көрілді

2017 жылы жаңа зейнетақы туралы заңда зейнетке шыққан зейнеткердің тиындап жинаған салымының жартысын алып қалады дейді. Осы рас па? Рас болса бұл дегеніңіз сұмдық қой! Ендігі жетпегені осы еді! Қазынаны тонап болып. Енді кәрілердің маңдай термен жинаған тиындарына қол салғаны ма бұл?

зейнетақы туралы заң

2 жауап

+3 дауыс
Алдағы уақытта зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер болады деп күтілуде. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

 

Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғыртуға арналған заң жобасы әзірленген. Аталған құжатта базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Сол бойынша екі жылдан кейін, яғни, 2017 жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері жинақтаушы жүйеге қатысу өтіліне байланысты анықталады. Мәселен, жалпы еңбек өтілі 10 жыл және одан кем болса, базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс деңгейі көлемінің 50 пайызына тең болады. Ал еңбек өтілі 10 жылдан көп болған жағдайда, әрбір толық жыл үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өсіп отырады. Сөйтіп, базалық зейнетақы мөлшері 20 жылда - 70 пайыз, 35 жылда - 100 пайыз күнкөріс деңгейіне теңестіріледі.

 

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің айтуынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 21 364 теңге деп белгіленген. Осыған қарап, әр зейнеткер өзінің базалық зейнетақысының көлемін болжауға болады, дейді мамандар.

 

Айта кетерлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова алдағы уақытта зейнетақы төлеу жүйесіне жұмыс берушінің де атсалысатынын атап өтті.

 

- 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің жұмыскерлер табы-сының 5 пайыз мөлшерінде төлейтін жарнасы есебінен қалыптасатын жаңа шартты жинақтау құрамын енгізу арқылы зейнетақы төлемдерін арттыру көзделген. Нәтижесінде зейнетақы төлемдері бюджет, жұмыс берушілердің жарнасы және жұмыскерлердің өздері арқылы іске асырылып, азамат-тардың алдыңғы кірісінің кемінде 40 пайызын қамтамасыз етеді, - деді ведомство басшысы.

 

Бұл өзгерістер - зейнетақы жүйесінің жылдан-жылға жетілдіріліп жатқанының белгісі, дейді сала мамандары.

 

Жаңа тәсіл бойынша базалық зейнетақы жұмыс-кердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалады. Ал қазіргі уақытта базалық зейнетақы республикалық бюджет қаражатынан зейнеткерлердің еңбек өтілі мен еңбек ақысына қарамастан, барлығына бірдей төленуде. Демек, алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс жаңа жүйе зейнеткерлердің бұған дейін жасаған жұмысын әділ бағалауға мүмкіндік береді.

 

Жалпы, мемлекетте зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтарды қолдау мақсатында көптеген игі істердің қолға алынып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, биылғы жылдың басында елімізде зейнетақы төлемдері 9 пайызға, әлеуметтік төлемдер көлемі 7 пайызға артты. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғасын таба береді деп күтілуде. Бастысы, Елбасы айтқандай, жаһандық дағдарысқа қарамастан, біздің республикада әлеуметтік төлемдер қысқартылмайды.
0 дауыс
Еңбек өтілі 35 жыл болған әйелдер 63 жасқа толмай -ақ зейнетке шыға алса ғой
...