0 дауыс
352 көрілді
Қаладағы түрлі мереке, қоғамдық орындағы түрлі мерекелік шаралар, концерттерді, флэшмобтарды орекеңдер жүргізіп жатады. Басында: "Салем достар! Кааирлы куун!"-деген сөзімен басталып, сөл сөзбенен аяқталып қалады. Ары қарай ұйымдастыратын ойындары, аудиториямен жұмысы барлығы дерлік орыс тілінде өтеді. Қос тілде жүргізе алатын қазекеңнің жігіттері жоқ болғаны ма?
Әлде біздікілер тек құдалық пен тойды ғана жүргізумен шектеледі ма екен?

1 жауап

+2 дауыс
Біздің қара домалақ жігіттер тек қазақша тойды ғана жүргізіп олан әрі асуды ойламаса, әрине, сол тойхананың о жақ, бұ жағынан шықпайды. Қазақстана қазақтар ғана тұрмайды, 140 тай ұлт бар. Ал әлеуметтік жағдайы жағынан өзге ұлттардың төбесі биігірек екенін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Қазақ тілі басты тіл болғанымен, сұраныста екі тілді де білетін той бастаушы. Кредитке той жасайтындардың тойында таза қазақ асабалар жүреді домбырасын асынып.  Тілінен арғы бергі шеберліктің балы тамған қаншама асабаларымыз бар. Бірақ, бәсекеге қабілеттіліктері төмен, әрі жұлдыз аурулары басым. Қоғамға бейімделуі, жаңашылдыққа ығысуы жоқ. Сұранысқа сай ұсыныс жасап отырса, кез-келген аудиторияны басқарып кете алады. Меніңше, тек ауылдағы, ауылдың маңайындағы тойды ғана місе тұтып, одан әріге ұмтылмайды. Егер, жұмыс жасаса, сұранысқа қарай жылжыса қазақтың жігіттері де көтеріледі әлі.
...