География пәнінен ҰБТ тапсыру өте оңай деп айтып жатса да, оның өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін есте сақтау және логикалық ойлау қабілеті, жан-жақтылық қабілеттері керек болады. ҰБТ-да география пәніне дайындалудың 2 жолы бар:
1. Егер, дайындалуға уақытыңыз аз қалса, қазірге дейінгі кітапшалардан география пәнінің сұрақтарының дұрыс жауаптарымен бірге жаттау.
2. Кітапты дұрыстап әр параграфына конспект жазып түсініп, есте сақтау.
Бұл жерде негізгі есте сақтау керек нәрселер:
6- сыныпта: терминдердің анықтамалары
7-сыныпта: әр материктердегі жануарлар мен өсімдіктердің, климатының, жер бедері жағдайын, әр материктегі елдер жайлы
8-сыныпта: Қазақстанның геологиялық, морфологиялық құрылысын, физикалық географиясындағы жер-су атауларын, олар туралы информациялар
9-сыныпта: Қазақстандағы экономикалық аудандар, облыстардың өзіндік мамандану салалары, әр өңірдегі зауыт-фабрикалар
10-сыныпта: ТМД елдері туралы мәліметтер
11-сыныпта: Әр материктегі елдердің өзіндік ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталып, оқып шыққан абзал.
Егер сізде 6-9 сыныптардағы білім базасы бар болса, оған аса көп көңіл бөлудің қажеті жоқ, бар зейінді 10-11 сыныптағы мәліметтерге салған жөн деп ойлаймын.