0 дауыс
1.1k көрілді
Ішкі туризм туралы сауалнама жүргізгім келіп отыр. Шымкенттіктер, былтыр осы облыс ішінде қайда, қандай жерлерге қыдырып бардыңыздар? Бағасы көңіліңізден шықты ма, сервис қалай екен жалпы Шымкентте? Бағасы, туристерді тартудағы қызметтері ұнады ма? Биыл қайда барғыңыз келеді? Не үшін?

1. Түркістан, Арыстанбаб, Сайрам, Отырар, Сауран, әулиелі, киелі кесене, бұлақ, үңгір, т.б.
2. "Тау самалы", Біркөлік, Сарыағаш, Сайрам-Өгем, Ақсу, Машат, т.б.
3. Қала ішіндегі дендробақ, Қошқар ата, зообақ, т.б. айта отырсаңыздар...
Қазақстандағы ең маңызды табиғаты тамаша, ең алғаш құрылған Оңтүстік Қазақстан Облысы Түлкібас ауданында орналасқан" Ақсу жабағылы" қорығын  ұмытып кетіпсің. Нағыз демалатын жер осы! Шабытың ашылып, бір жасарып қаласың.

3 жауап

+1 дауыс
Былтыр 9 ай Алматыда, 3 ай Сарыағашта болдым, әрине демалып емес, жеке шаруалар, жұмыстар, оқулармен жүрдім. Демалуға уақыт арнамаппын 2015'те.. Биыл да демалуға уақыт болмайтын сияқты, әскерге кетсем... Шынында, демалатын сапалы және арзан жер іздегендерге Оңтүстік Қазақстан облысына келуге кеңес берем!
+1 дауыс
Шымкентте қымыз ішіп демалатын мына ең керемет жер Ақсу-Жабағылы қорығы, Түлкібас ауданында орналасқан. Мен осы жерде демаламын.
 



0 дауыс
Мен өзім Түркістаннанмын. Осы қалаға қыдырып келуге шақырамын. Қаламыз жыл сайын жан-жақты дамып келе жатыр. Бағалар да арзан. Баршаға аян Түркістанда Қ.А.Яссауи бабамызға арналған кесене бар. Бұл кесене мұсылмандар үшін киелі болып саналады.

  Қаланың туризміде даму үстінде. Әрине үлкен қалалармен салыстырғанда деңгейі әлі де төмен.

Оған қоса Түркістан қаласының айналасында көптеген ескі қалалар мен зиярат жасап, қыдырып, ел көремін деген адамға баратын көптеген орындар бар. Мысалыға айтатын болсам, Үкаша сахаба(Түркістаннан 60 км), Арыстан баб кесенесіне, Отырар қаласына(80км-дей) өзім барып көргенмін. Сауран қаласы да бар, бірақ мен барып көрмегенмін.

Айта берсек Түркістанның айналасында осындай тарихи кесенелер мен қалалар көп. Сізді де осында шақырамын.

Ұқсас сұрақтар

...