0 дауыс
6.3k көрілді
Әр дәуірдің өзіндік бір мықтылары бар. Олар жастайынан өзгелерден оқ бойы озық тұратын ерекше қасиеттерімен есімдері ел жанында сақталған. Ата тарихымыздағы атағы күллі әлемді шарпып, ел мен жер үшін басын бәйгеге тіккен батырбабаларымыздың ерен еңбектерін тағы да қайталай дәріптеп жатпасақ та, солардың ізін жалғап, ерлігін қайталаған жас батырлар жайлы шығарма жазу. Болар бала жасынан эссе, шығарма жазу?

1 жауап

+1 дауыс
Болар бала жасынан

 

Қазақта қашанда 13те отау иесі. 30да орда бұзар. 40та қамал тұрғызар деген. Гүлге де жасынан қаморлық жасап, өсңп, гүлдеуіне мүмкіндік берсек ерекше сұлу өсімдік болып шыға келеді. Сол сияқты, баланың өсіп үлкен адам болуы кішкентай кезіндегі сіңірген тәрбиесі мен тәліміне, алған біліміне байланысты. Жасынан ұлтын, тілін, ділін, елін таныған ер есейе келе биіктерден бой көрсететді.

Жастайынан небір батырды жеңген Абылай да, дауды жасына қарамай достыққа ұластырған Әйтеке де, жасынан жалындап ұлтым деген Абай да бала шағынан болашағы зор болған.

Қазір де жасынан жүрегі елім деген, білім мен ғылымға жас демей бас қойған қаншама дарынды жастарымыз бар. Білім саласынан алып қарасақ әлмдік аренадағы олимпиадалардан жүлделі орындарды алып келіп жатқан қазақ балалары, шахматтан әлем семпионы болған кішкене қызымыз, Жамбылдың жалыны дарыған бала Жамбыл, тағысын тағы жас дарындарымыз жетерік.

Болар бала - армандаған бала. Армандай алған адам ғана бір нәтижеге жетеді. Балаңыздың арманына ерік беріңіз, құрсауламаңыз, шексіздік әлемін одан алыстатпаңыз. Сонда ғана ересек шағында арманның қадірін білетін, арманын шынайылықпен ұштастыра білетін керемет азамат шығады.
...