Сиверс- Орталық Азия және Қазақстан тау маңайының саны қысқарып бара жатқан жабайы алма түрі. Бұл алма әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып табылады, себебі қазіргі барлық алманың мәдени сорттарына бастама берген осы жабайы Сиверс алмасы. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары бір гектардан 25-40 кг бал береді.
Қазіргі кезде Сиверс жабайы алма ағашын негізге ала отырып, алмалардың жақсы қасиеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі бір мәселе – жаңа мәдени алма түрін алу үшін алмалардың сорттарының гүлдерін бір-біріне шағылыстыра тозаңдандыру жасау.
Сиверс алмасының өте бағалы емдік қасиеті бар. Жемісін біраз ішек қарын және авитаминоз ауруларынан емделгенде жеуге ұсынады. Бұл емдік сапасы жағынан Сиверс алмасы мәдени алмалардан артық. Бұл алманың ыстыққа, суыққа төзімді және витаминді сорттар шығаруда селекциялық мәні күшті.