0 дауыс
882 көрілді

Жиырма-жиырма бес жаста үйленгеннің артықшылығы неде. Неліктен осы жас аралықта үйленіп кеткен дұрыс. Физиологиялық, психологиялық тұрғыда осы жаста отау құрған жақсы деп жатады. Жалпы сіз 20-25 жаста үйленгенді дұрыс деп санайсыз ба? Ия жоқ деп емес өз ойыңызды толықтырып жазып өтсеңіз.

үйлену қалыңдық

2 жауап

0 дауыс
25-26 жаста үйленген дұрыс. Оған дейін карьералық өсім бар тұрақты жұмыс тауып үй салатындай дәрежеге жетіп алу керек.
+2 дауыс
20-25 деп алған дұрыс емес. Өйткені 20 жасар адам мен 25 жасар адамды салыстыруға келмейді. 20 жаста әлі жастықтың оты лапылдап, кемеріне асайын-асайын деп тырмысып жатқан шақ. Адам өміріндегі ең үлкен қателіктерді нақ осы шақтарда жіереді. Немесе, керісінше дұрыс таңдау осы жаста жасалса, өмір бойына өкінбей өтеді.

20 жаста ердің де әйелдің де физиологиялық жетілуі аяқталады. Бірақ, тұрмыс, отбасы, бала тәрбиесі 20 жасар отбасы үшін ауыр болады.

Дұрысы 25 жаста тұрмыс құру. 25 жаста жағдайыңды түзеп алуға болады. Өмір тани бастайсың, ең бастысы адам танисың. Қай жігіт немесе қай қыз сенің тағамыңа лайық екенін де толық білесің. БАСТЫСЫ, отбасын құруға дайын боласың. Жауапкершілікке үйренген қалпыңда, отбасының жұмысын мойныңызға ала аласыз.
...