Табысты болудың сыры :
1% талант / 99% еңбек
Таланты жоқ адам болмайды. Кез келген адамда құдайдан,табиғаттан берілген бір немесе бірнеше өнері , қасиеті,ешкімде жоқ ерекшелігі болады. Табысты болу үшін өз үстіңнен жұмыс істеп, сол қасиеттерді барынша дамыту керек .
Бұдан басқа табысты болу үшін алты жауды жеңу керек:
-ұйқышылдық,
-жалқаулық,
-қорқыныш,
-ашу-ыза (біреуге өкпелеу),
-той тойлап жүре беру ,
-жалтақтық .
Және Абай атамыздың алтын сөздеріне құлақ асу керек:
...Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.