Қан қысымы қалыпты жағдайда қанша болуы керек?

0 дауыс
9.9k қаралым
Менин кан кысымым томени 50 бул томен ба!?2 кундей болды басым айналып жур
Денсаулық

1 жауап

0 дауыс
Қан тамырының қысымы — ең көп тараған сырқаттың бірі. Елімізде бұл сырқатпен ауыратын адамдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұрындары жасы ал­пыс­тан асқандар ауыратын,­ қа­зір қырық жастағыларды мазалай бастады. Медициналық статистика бойынша, елі­мізде әрбір оныншы адам қан тамыры қысымымен ауырады екен. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы бірінші орынды алады, екінші орында — ауыр дене жарақаттары, соңғысы — қатерлі ісік аурулары.

Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім. Сондықтан оны «үйреншікті ауру ғой» деп мән бермей жүрген дұрыс емес.

Қан қысымының қалыпты көр­сеткіші тонометр бойынша 120/80 болуы керек!
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы