0 дауыс
463 көрілді
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім берудегі ең өзекті мәселелердің бірі ағылшын тілінде сабақ беру еді. Ағылшын тілінде сабақ берудің қажеті қанша?

1 жауап

0 дауыс
Ағылшын тілінің үстемдігі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Тіпті ағылшындардың тікелей бәсекелесі Францияның өзі ағылшын тілін міндетті пәнге айналдырды. Франция халқы да бастапқыда бұған қарсы болған, бірақ бұл заман талабы. 12 елдің ресми тілі саналатын француз тілінің өзі ағылшын тілінен қалып барады.
Ағылшын тілін білмесек, білім бәсекесінде ұтыламыз. Егер бұл бәсекеде ұтылсақ, кедей мемлекетке айналамыз. Ал кедей мемлекеттің мәдениеті ешкімге керек емес, тіпті сол кедей елдің өзіне де.
Мысалы, біз Жапонияның мәдениеті туралы көп білеміз, өйткені ол бай және дамыған. Әйтпесе сакура дегеніңіз шие ағашы, ол бізде де бар. Бірақ жұрттың бәрі сакураға тамсанады, сол туралы көп ақпарат біледі. Сирияның тарихы мен мәдениеті өте бай, нәтижесі қандай болғанын білесіздер.
Дамып келе жатқан елдердің үздік университеттері ағылшын тілінде сабақ береді. Каир университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның топ университеттері – бәрі-бәрі ағылшын тілінде.
Ағылшын тілін білмесек, адам ағзасының 30 пайызын білмеуіміз мүмкін. Мысалы, біз білетін қырықаяқтың ағылшын тілінде 50-ден астам түрі болуы мүмкін, ағылшын тілінде оның бәрінің атауы бар, бірақ қазақшада тек қырықаяқ қана. Немесе кемпір қосақтың ағылшынша 12 атауы болуы мүмкін, ал қазақшада біреу. Тіпті орыстардың өзі көп сөзді аудармай пайдалануда.
...