+1 дауыс
6.3k көрілді
Немат Келімбетовтың «Ұлыма хат» эссе повесті керек.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Ұлыма хат» повестінен үзінді :

"...Өмір сүргің келсе - өз бетіңмен тіршілік етуді қазірден үйрен. Өмір аспанында өз қанатыңмен ұша алатын қыран екніңді балапан кезіңде көрсет.Мен сені сақалың шыққанша сүйрей бермеймін.Жетелеген ит ауға жарамас дейді.Өз әрекетіңді өзің жаса."

«Ұлыма хат» эссе повесті жазушының ұлына ғана емес, адамзатқа, қазақ халықының келешегін құратын жастарға жазған хаты. Шығарманы оқығанда алдыңда не үшін дүниеге келдің, адам болып жасап атырсыңба, өз ұлтыңды қалай сүйесің, үлтыңның келешегі үшін не істедің деген сұрақтарды жазушы бала тәрбиесінде бас мәселе етіп қояды, осы сұраққа әр бір жастың бесіктен бастап жауап беруге тәрбиелеуді қояды. Кітапты оқыған адам қаласын, қаламасын өзінен жауап іздейді, осы сұрақтарға жауап беруге ұмтылады, қиналады, ел алдында уялады, сұраққа жауап таба алмасаң адам болып жасағаныңа өкінесің, азапланасың, босқа кеткен уақыттарыңа опық жейсің, алдыңа мақсат қойып биік белестерге қарай ұмтыласың, ерлік істеуге жігерленесің. Кітаптағы жазылған сөздер сені осылай істемей қоймайды. «Ұлым менің! Сен өз ата –тегіңді жақсы білесің бе?» Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан келешек әуладқа дәстүрлі сұрағы, осы сұрақ тек қазақ халқына ғана емес, адамзатқа берілетін сұрақ. Ата-тегін білу ата- тегіне құрметтеу, ата -тегін білмеу ата- бабаға құрметсіздік. Өзінің ата- бабасының тарихын көздің қарашығындай сақтай алмаған адам  мангұрт ғой.  Жазушы сұрақты осылай қояды да кеңестік үкімет кезінде бұрмаланған, дұрыс жазылмаған тарих жөнінде былай дейді: «Кешегі кеңестік кезеңде ата – тегін сұрастырған адамды рушыл, ұлтшыл, тіпті нәсілшіл деп айыптады. Өйткені кеңестік саясаттың негізгі мақсаты күллі қазақтың ата –тегін мүлдем ұмыттырып жіберу еді. Дәлірек айтсақ, халықты өз шежіресін, тарихын, шыққан тегін білмейтін мәңғұрт етіп қою болатын. Ал, біздің ата-бабаларымыз өздерінің шыққан тегін, арғы түбін, яғни ата- тегін жіпке тізгендей етіп баяндайтын шежіре-тарихын әкеден балаға асыл мұра ретінде қалдырып, сан ғасырлар бойы осы игі дәстүрді жалғастырып келді. Өйткені ата-текті білу,  руға жіктелу, тайпаға бөліну емес, керісінше, қандас, тумалас, құдандалы адамдардың басын қосу арқылы бүкіл қазақты ынтымаққа шақыру, біріктіру болып табылады» дейді автор.Қорытындылап айтқанда, Н. Келімбетовтің «Ұлыма хат» эссесі бала тәрбиесінде  Отанды, елді, халықтың ұлттық мұрасын, ғұрп-әдеттерін, салт –дәстүрін  әр бір адамға балалық кезінен бастап құрметтеуге үйрету мәселесіне арналған  шығарма. Жазушы ұлттық дәстүрімізді сақтаудың  не үшін қәжеттілігін  көркем образдар мен дәлелдеп,  оны көркем образдар арқылы ғылыми маңыздылығын түсіндіріп  беретін шығарма. Оның бұл шығармасында қазақ халқының бай рухани  дүниесі зор перзенттік махаббат пен жырланады және оны оқыған адамда осы идея жүрегінен терең орын алады.
...