Орталық Азиядағы ең улкен Бірріккен Ұлттар Ұйымының Моделі - Жаңа Жібек Жолы бұл жылы Алматы қаласында 29 Сәуір және 1 Мамыр аралығында Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми Кітапxанасында өтеді. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Италия, Франция, Нидерланды және басқа елдердің өкілдері қатысады.БҰҰ агенттіктерінен : UNESCO, UNFPA, UNHCR, OCHA;
БҰҰ моделі жас ұрпаққа дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді және жас көшбасшыларға арналған платформа ретінде қызмет етеді.Бұл студенттер үшін тәжірибелі, әрі жетістігі мол дипломаттармен бетпе-бет жүздесіп танысуға жақсы мүмкіндік.