Мен қазақ тілін 97% білемін деп айта аламын. Достарыммен, таныстарыммен сұхбат кезінде өзіміздің ана тілімізде ойымды ашық, әрі нақты түрде жеткізуге шамам жетеді. Дегенмен, ара-арасында орысша сөздерді қосып жіберетінім бар. Жуық арада қазақ тілін 100% меңгеріп, кез-келген адаммен таза қазақ тілінде сөйлесуге тырысамын. Менің ойымша, жүрегі "қазақ" деп соққан әр бір азамат қазақ тілін 100% білуге міндетті және де өз ана тілін құрметтеп, Қазақстандағы халықтың барлығы қазақ тілінде сөйлеуіне ат салысып, теңізге қосқан тамшының үлесіндей өзіндік ықпалын тигізуі қажет.