2015 жылдың ең басты жаңалығы?

+1 дауыс
564 қаралым
2015- жылы көптеген жаңалықтар болды: саясат, ғылым, білім, мәдениет саласына т.б. Солардың ішіндегі ең бастысы қай жаңалық деп ойлайсыз?
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
-Жылдың ең басты саяси жаңалығы деп мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауын айтуға болады.

-2015 жылдың ең шулы сот процесі, экс-премьер Серік Ахметовке қатысты. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Үкімет басшысының абақтыға жабылуы бірінші рет.

-«Жыл оқиғасы» деген номинацияның биылғы жеңімпазы - сөзсіз ол девальвация!

-Ел есінде қалған ірі табиғат апаттарының бірі шілденің 22-сінен 23-іне ауған түні Алматыда болды. Мұндағы сел жұрттың зәресін алған еді.

-Үшінші  қазақтың  космосты бағындыруы да қой жылының ең басты жетістіктерінің бірі. 41 жастағы Айдын Айымбетов қыркүйек айында Байқоңырдан ғарышқа ұшып, көк туымызды орбитада желбіреткені мәлім.
0 дауыс
Өткен жылда болған оқиғалар:

* президент сайлауы ( периодты оқиға )

* 550 жылдық ( 2015 жылға сәйкестігі болмаса, жаңалық ретінде қарай алмаймын)

* мұнай бағасының түсіп, доллардың көтерілуі ( экономикалық цикль, мемлекеттің дамуына қажет процесс)

* Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріуі ( мемлекеттің алға қойған мақсатына жетуі, Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер)
0 дауыс
Доллардың өсуі деп ойлаймын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
5 жауап
26.07.2015 • Санаты: Компьютер ойындары Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
6 жауап
127,727 сұрақ
322,283 жауап
153,149 пікір
72,738 қолданушы