0 дауыс
709 көрілді
Егер қара мысық жолыңызды кесіп өтсе, сосын кері қайтса - екі есе жолың болмайды дегені ме әлде мысық ойынан қайтты дегені ме ?
Мысық ойынан қайтты деген

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кім қалай түсінеді, соған байланысты. Ондай ырымдарға сенетін адам бар, және сенбейтін адам бар. Егер соған сеніп, көңіл күйіңізді сол үшін түсіріп, жолыңыз болмағанын күтіп жүрсеңіз, солай болады. Ал, егер, оған мән бермей, өз-өзіңізбен жүре берсеңіз, ештеңе де болмайды. Сәтсіздікті мысықпен байланыстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол, бар болғаны, өз жолымен кетіп бара жатқан мысық. Қара түсті болғаны үшін айыпты емес шығар.
0 дауыс
Жөнімен жүрген мысық қой.Ақ болсын қара болсын жолыңызға қатысы жоқ олардың.
0 дауыс
Түрі болса ұсқынсыз, көзі қысық,

Өтіп кетсе алдыңнан қара мысық,

Жолың болмай қалады деп, еріккендер

Ырым қылып алған ғой, іші пысып.

 

Қайта жолым болсын деп, мысық қуып,

Тас лақтырып жолына, үш түкіріп,

Айналдыру түймеңді жеті мәрте,

Ақымақтық, оның бәрі өтірік.

 

Жүрейік енді көшеде мысық санап.

Қалған ба еді мысыққа күнің қарап?

Мысық өтіп кетпесін деп алдымнан,

Тиіссің бе жүруге көше айналып?

 

Мұндай сұрақ қойғаныңыз,

Ұят сізге, ойланыңыз!

Жараса ма Smart Жасқа?

Құрт мынаны, құрысын, қасқа!
Мұхамедәлі , кімге әзіл, кімге қасқа !
Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым - тыйымдар арқылы тәрбие берген. Өз басым ырымдарға  100% сенбеймін ,бірақ сақтықта қорлық жоқ!
Смарт Жастарға келетін болсақ: "Смарт Жас" - адам баласы.Адам баласы болғандықтан мінсіз болмайды. "Жаңылмайтын жақ болмайды сүрінбейтін тұяқ болмайды" демекші.
Өзіме қызық болса, неге сұрамасқа? Оның несі ұят?Несі қасқа?
...