Әнді ұрлады дегенге келер болсақ, бүкіл дүние жүзі ұры болып шыға келеді. 1970-ші жылдары эстрада әуендерінен Италия алда тұрды, ешкімге ұқсамайтын өз стилдері бар еді.1980-ші жылдардағы Батыс Германияның атақты Modern Talking группасы шығып әлем бойынша эстрадалық әуенді жаңартып жастарды таң-қалдырып сенцация жасаған болатын. Сол Modern Talking группасынан кейін сол стилде орындайтын С.С.Кейч, Байд Бойз, тағы басқа көп группалар пайда болды, дискотекаларды бермей. Оның артынша Ресейде солардан ұрлап Мираж, фристайл, Ласковый май, Твой день, Комбинация, деген группалар пайда болды. Қарап тұрсаң бәрі батыстан алынған ұрланған көшірмелер.Бұлардың бәрі ПОП жанрындағы әуендер еді. 90-шы жылдан бастап Батыс европа Техно, реп сияқты музыкаларды шығарған еді, тағы да оны ести салып орыстар да сол стильді тез арада жаппай көшіріп орындап шыға келді.
Дискотека 80-х, Авто радио 80-х, Ретро 80-х бағдарламасын көрген болсаңдар білесіңдер. Ұрлықы көшірме музыкалар тез өшіп жоғалады да, оригиналдары байқалып тұрады, құны түспей қымбат күйінде еш қашан да өшпейді.
Қазақ эстрадалары да солай батыстан, ресейден әр жерінен бір жұлып ұрлап алып түрлі әуендерді ұрып жатыр жарасса да жараспаса да.
Шәмшінің әндері ғана өшпейді, жоғалмайды !
Ал Қайрат Нұртас ол ұрламайды, ол әлемдегі жылжып келе жатқан музыкалық стильдерді ғана көшіреді. Ол жалғыз қайрат емес, бәрі де солай көшіреді, әр жылы қандай стиль шықса дүние жүзінің әншілері сол стильге көшіп орындап жатыр соңғы кезде.
Менің ойымша барлық жаңа эстрадалық стиль БАТЫС ЕВРОПАДАН шығады да басқалары соларға еліктеп, солардың стилінде орындайды. Осыны өтірік деп айта аласыңдар ма? Бәрі де ұрлап жатыр деп айта аламын!