Алла Борисовна Пугачева (15 сәуір 1949 ж, Мәскеу, КСРО) — Кеңес одағының және Ресейдің эстрада әншісі, композитор, тележүргізуші және актриса. КСРО Халық әртісі (1991) . РФ Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (1995). Оның репертуарында 500-ге жуық ән және олар тек орыс тілінде ғана емес, ағылшын, француз, неміс, украин тілдерінде де әндері бар. Ресей және бұрынғы КСРО құрамында болған елдерден басқа, оның ән жинақтары Жапония, Корея, Швеция, Финляндия, Германия елдеріне де таратылды. Қазіргі уақытта белсенді шығармашылық жұмыстан демалып, гастрольдерді тоқтатты. Жұбайы Максим Галкин. Бір қызы және үш немересі бар.[1] Өмірбаяны[өңдеу] Арғы атасы мен арғы әжесі (7 баласы болған Мария мен Павел) Узгорск ауылында тұрған. Мария өз ауылында атақты балгер, емші болған және 90 жасқа дейін өмір сүрген және Недашево ауылында жерленген. Ал Павел ол 40 жыл өмір сүрген. Ол Узгорск жерінде жерленген. Пугачеваның атасы Михаилдың туған Анастасия деген қарындасы болған. Коллективизация кезінде Михаил Мәскеуге көшіп және онда тұрақтайды. Ол жерде Пугачеваның әкесі Борис туылады.[2] Мансабы[өңдеу] Алла музыкаға жас кезінен бастап өз қызығушылығын танытқан және кішкентай кезінен бастап мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде ән айтқан. Ол әншілікке дейін көптеген ұжымдармен жұмыс жасаған.