0 дауыс
5.6k көрілді
Қыздар, қалай тез шаш өсіруге болады? Қиын болмаса айта кетіңіздерші!?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаш күтімі: Шашты қалай өсіруге болады? Шаш күтімі — шаштың дұрыс өсуін және саулығын мен әсемдігін қамтамасыз ету үшін жасалатын әрекеттер жиыны. Мысалы, шашты қысқарту (қырқу), арнайы косметикалық сұйықтықтарды жағу, маскалар жасау, т.б. Әдетте, шашты нәзікжандылар ұзын қылып өсіруге құмар. Олардың жаратылысы солай. “Шаш өсіру” дегенде екі түрлі шаш өсіру әдістерін қарастыруға болады. Мысалы, таз адамдардың басына шаш өсіру (шығару) мен бар шашты ұзын қылып өсіру. Бұл мақаланы нәзікжандылар тарапынан қойылатын “Шашты қалай тез өсіруге болады?” деген сұрақ төңірегінде оқырмандардың сұрануы бойынша жазып отырмыз. “Шашты қалай тез өсіремін?” деген сұрақ көбіңізді мазалайтыны анық. Шаштарыңыздың тез өсуін қанша қаласаңыздар да ол өзінің табиғатынан асып, қалыпты жағдайдан жылдамырақ өспейді. Ең тез өскен күнде де ол жақсы күтім жасаудың арқасында іске асады. Яғни, өзінің ең жылдам өсу деңгейіне жетеді. Шаштың өсуін қалыпты жағдайына келтіру үшін оған ерекше көңіл бөлу керек, үнемі күтім жасау керек. Ал егер шашыңыз мүлдем баяу өсетін болса, онда шашыңыздың табиғаты солай немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған. Сонымен, мамандар мен шаш өсірудің қыр-сырына қанық нәзікжандылар мынадай кеңес береді: Қалыпты шашты (майлы да құрғақ та емес) аптасына екі рет жуу керек. Жуған кезде судың қайнаған болуы және температурасы +37 мен +39 °C аралығында болғаны абзал; Шаш біраз өскен кезде оның ұштары шашақталып кетеді. Ондай жағдайда шаштың ұштарын кесіп тұру керек. Бұны орташа үш айда бір рет істеуге болады; Шашты жуғаннан кейін оған химиялық қоспары жоқ немесе химиялық күші әлсіз қоспалары бар нәр бергіш заттарды пайдаланыңыз; Шашты сәндеу үшін шашты бұйралайтын құралды (плойка) пайдаланбауға тырысыңыз. Себебі, ол шашқа аз деңгейде болса да зиян келтірмесе, пайда келтірмейді; Шұғыл жағдай болмаса, шашыңызды фенмен кептірмеңіз. Фенді пайдалану шаштың құрғауына әкеліп соғуы мүмкін; Шашыңызды тарағанда соңғы жағынан бастап тараңыз (алдымен төменгі жағын тарап алыңыз), жайменен жоғары қарай тараңыз. Шашты тарағанда тарақтың массажка тарақ немесе ағаштан жасалған тарақ болғаны дұрыс. Шаштың түбіріне жеткен кезде шашқа арналған щеткамен шашты тұтастай 100 реттей тарасаңыз, шашқа массаж жасаған боласыз; Шашыңыздың дұрыс өсуі үшін шаш түбірлері орыналасқан бас терісінің күтіміне де дұрыс көңіл бөлу керек. Шаш түбірлері орынасласқан бас терісі аймағында қан айналым дұрыс жұмыс жасаса, онда шаштың өсуі дұрысталады. Жоғарыда қарапайым әрі маңызды әдістер жазылды. Бұлардан бөлек сан мыңдаған рецептілер бар. Олардың арасында шашты өсіруте оң әсерін тигізетіндері мен еш пайдасы болмайтындары да болады. Сондықтан, кез-келген рецептіні таңдамас бұрын оның пайдаланып, оң нәтижеге жеткендердің тәжірибесіне сүйеніңіз, немесе мамандардың кеңесін алыңыз. Есте сақтаңыз! Бұл күнге дейін шашты шамадан тыс жылдам өсіріп жіберетін зат әлі табылмады. Біреулердің жалған жарнамасына алданып қалмауыңыз үшін осыны есте сақтасаңыз жеткілікті.
0 дауыс
Оны жақсысы дәргерден сұрасаңшы.
0 дауыс
Шашыңыз түсіп, көңіл-күйіңізді қоса түсіріп жүр ме? Ұзын өрілген бұрым қыпша белде бұлғаң қағып жатқанға не жетсін? Шашыңыздың түсуін тоқтатып, өсуін тездеткіңіз келсе, біз ұсынар кеңеске назар аударыңыз. Шашқа арналған тұнба жасау үшін керек заттар: - бір дана келімдәрі (ащы бұрыш); - 100 грамм медициналық спирт немесе арақ. Келімдәріні турап, арақ құйылған бөтелкенің ішіне салып, 3 апта қараңғы жерге қойып қойыңыз. Аптасына бір рет бөтелкені шайқап тұру керек. 21 күннен соң қолдана беруіңізге болады. 1 ас қасық тұнбаны бір стақан суға араластырып, шашыңыздың түбіне жағып, 30-40 минуттай уқалайсыз. Қолыңызға қолғап киюді ұмытпаңыз. Бұл бас терісінің қан айналымын жақсартып, шаштың тез өсуіне ықпал етеді. 21 күн күтуге ерінсеңіз, қызыл бұрыш ерітіндісін (дәріханаларда сатылады) сатып алып, бас терісіне аптасына 1-2 рет жағып тұрыңыз.
0 дауыс
Менің шашым 30 см болған болатын а сейчас 36 бұнын себебі шашты көп жуу керек əрине көп жусаныз маиланады
Ол көмектеспесе мен шашымды қысып баилаимын түптеріне əсер етеді деп аидады
...