0 дауыс
24.9k көрілді
Күн мен түннің көктемгі теңелу күні шығарма жазу? Күн мен түннің көктемгі теңелу дегенін қалай түсінуге болады?

3 жауап

0 дауыс
Бүкіләлемдік үйлестірілген уақыт (UTC) стандарты сайтының мәліметінше, биыл күн мен түннің көктемгі теңелуі біздің күнтізбемізде наурыздың 20-сына, ал күннің ұзарып барып тоқырауы маусымның 21-іне сай келіп отыр. Күн мен түннің теңелуі - астрономиялық көктемнің тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Ғылымда көктем туатын мезгілді түрліше шамалау әдісі қалыптасқан. Айталық, тәуліктің орташа температурасы Цельсий бойынша 0 градустан асқанда климаттық көктем басталады делінеді. Ал қар ери бастағанда фенологиялық көктем туып, содан итмұрын гүлдейтін кезеңге дейін жалғасады. Көктемді сүйір жапырақты үйеңкінің шырын беретін сәтінен бастау амалы да бар. Бірақ Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы - күн мен түннің теңелу сәті. Дана халқымыз бұл уақытты жылдың басы деп есептеп, осы кезеңде ұлан-асыр той жасаған.
0 дауыс
Əрине, күн мен түннің теңелу уақыты 22 наурыз. Ал 22 наурыз халқымыз үшін аса қадірлі. Қазақтар ол кезді жаңа жыл санап, ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын жасап тойлайтын болған екен. Наурыздың ең басты тағамы - наурыз көже. 7 түрлі дəмнен жасалатын бұл тағам түрін барлық қазақ халқы ауыз тиеді.Алайда, 22 наурыз жыл басы болғанымен, əр жерде əр түрлі тойланады. Ат жарысы өткізіліп, қазан-ошақ асылып, киіз үйлер тігіліп, дастархан қазақи тағамдармен толтырылып өткізіледі.Біздің қазақ халқы басқа халықтардан осындай мерекелерімен ерекшеленеді екен.
0 дауыс
Қысқаша айта салайын. Күн мен түн 22 наурызда теңеледі, бұл қазақтың Наурыз мерекесіне сәйкес келеді.Бұл күнде наурыз көже дайындалады.Ол 7 түрлі дәнді дақылдан жасалады
...