Халықаралық əйелдер күні алғаш рет 1911 жылы төрт мемлекетте - Австрияда, Германияда, Данияда жəне Швейцарияда əртүрлі күндерде аталып өтілген. 1914 жылы ғана бұл мереке 8наурыз күні Ресей мен Нидерландыны қосқанда алты мемлекетте өткізілген.
Бұл мерекенің негізгі мақсаты кеңестік адамдарды сол уақыттарға сəйкес келетін неше түрлі діни мейрамдардан көңілін аудару болған.
ФРАНЦИЯ да кеңінен тойланбайды. Халықаралық əйелдер күні ретінде ақпарат құралдары еске салып, құттықтайды. Бұл мерекені тек коммунистер тойлайды. Француз нəзік жандылары мамырда аналар күнінде құттықталады. Ал, жас қыздарды тек əулие Валентин күні құттықтайды.
ИТАЛИЯ да ресейліктер секілді қарайды. Бірақ, бұл күні демалыс болып саналмайды. 1946 жылы италия əйелдерінің кеңесі ұсынған мимоза гүлі осы мерекенің белгісі болып табылады. Əйелдердің тек өздері ғана атап өтетін дəстүрлері де бар.
ҚЫТАЙЛАР үшін білінбей өтеді. Революционерлер ғана ресми құттықтау алады. Оның үстіне бұл жерде кесілген гүлдерді біреуге беру қалыптаспаған. Сондықтан, гүл дестелерін сатып алумен тек шетелдіктер айналысады.
ЖАПОНИЯ да қыздарға бар наурызды сыйға тартқан. Бұл айда Қуыршақтар, Қыздар жəне Шабдалы гүлденуі мерекелері бар. Негізінен, 8-наурызға көп көңіл бөлмейді, өз дəстүрлерін дəріптейді. Мереке күндері бөлмелер шие мен мандарин ағаштарының гүлдерімен безендіріліп, қуыршақтар жəрмеңкесі басталады, қыздар кимоно киеді жəне оларды тəттілер мен сыйлықтармен қуантады.
ГРЕЦИЯ да əйелдер мерекесі "Гинайкратия" деп аталады. Ол 8-қаңтар күні тойланады. Солтүстік облыстарда əйелдер фестивалін өткізіп, жұбайлар рөлдерімен ауысады - əйелдер демалуға аттанады, ал ерлер оларға сыйлық беріп, уақытша үй шаруасында қалады. Ал, 8-наурыз - қарапайым күн.
ҮНДІСТАН да бұл күні басқа мереке тойланады. Ол - Холи мейрамы. Елде мерекелік оттыр жағылып, барлығы би билеп, əн салады, түрлі түсті суларды шашып ойнайды.