+1 дауыс
7.6k көрілді
Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемгепаш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube туралы не білесіз? Youtube сайты туралы қызықты деректер білесіздер?

Ютуб туралы қызықты деректер?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Youtube Қазақстанда
Қазақстандық интернет қолданушылардың 79%-ы 18 жастан асқандар, яғни белсенділік 18-24 жас аралығы. Соның ішінде 35% Youtube-тың тұрақты қараушылары.

ТАРИХЫ
2005 жылы 15 ақпанда Калифорниялық Paypal компаниясының бұрынғы үш қызметкері ойлап тауып, Youtube деген атаумен жарыққа шығарады.
2006 жылы Google сатып алды, содан бері танымалдылығы артып келеді.
Ең алғаш 18 секундтық «Зоопаркте» видеосы жарияланды. Ең алғашқы пікір де сол видеоға жазылған.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Youtube.com сайтына қолданушылар бірнеше форматтарда видеоматериал сала алады: mp4, OGG, avi, mpeg, DV, DivX, Xvid;
- Қай форматта салынса да, Youtube оларды автоматтты түрде Flash Video – mp4 форматына ауыстырады;
- Бірнеше жолдар арқылы Youtube-тан видео жүктеуге мүмкіндік бар. 2009 тікелей Youtube-тың өзінен жүктейтін функциясы болған, бірақ 2011 жылы ол функция жойылды;
- Орташа жылдамдықтың өзінде мұнда видеоматериалдарды еркін тамашалауға болады;
- Күніне 2 млрд қаралым болады;
- Бір минутта 60 сағаттық видеоматериал салынса, күніне 86400 сағатқа жетеді;
- Жойылған белгісі бар видеоматериалдарды Deleted YouTube Video Viewer арқылы қайта көруге болады;
- Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады. Мысалы, алғашқылардан атап айтарлық Джастин Бибер;

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
АҚШ заңы бойынша авторлық құқық қорғалады. Яғни, заңсыз біреудің материалы жариялаған шақта дыбысын, кейін контенттің өзін өшіреді. Бірақ, қазір көптеген құқық бұзушылықтардың орын алып жатқандығын байқауға болады.

ҚОСЫМША
- Youtube-та видеоконтенттерді салу барысында орындалуы шарт маңызды критерийлердің жоқтығынан ел аралық даулар да орын алуда. Көптеген мемлекеттер бұл видеохостингтің ел ішінде таралымын белгілі уақыт аралығына тоқтатып тастаған. Көпшілік себептер бойынша, терроризмді насихаттайтын, мұсылмандар туралы теріс әсер етуші контенттер, зорлық-зомбылық ашық көрсетілген материалдардың болуы. Ол елдердің ішінде Дагестан, Түркия, Тәжікстан, Пәкістан, Египет болды.
- Youtube-ты қолданушылардың 70% АҚШ халқы. Қаралым бойынша екінші орында – Жапония мемлекеті.
- Бұл жердегі бүкіл видеоматериалдарды қарап шығуға 1000 жыл кетеді екен, бірақ сіз оларды қарап отырғанда олар күрт көбейе береді. Яғни, сіз оларды ешқашан көріп тауыса алмайсыз.
+1 дауыс
Ютубты Гугл сатып алған
...