0 дауыс
1.2k көрілді
2008 жылы мейрам болып тіркелген, және 2013 жылдан бері наурыз айының әр екінші жұмасы атап өтілетін мейрамды ДДСҰ ұйқы және денсаулық ұғымдары аясындағы өзекті мәселелер бойынша бекіткен.

Ең тәтті де, ең арсыз да – ұйқы. Ең дұрыс ұйқы - 6-8 сағаттық жүйелі ұйқы. Адам өмірінің шамамен 1/3-ін ұйқы алады.
Уақытылы, жүйелі ұйқының мынандай қызметтері бар:
1. Күш-қуат жинаушы;
2. Орталық жүйке жүйесін қалпына келтіруші;
3. Иммунитетті күшейтуші;
4. Жараны, күйген жерді жазушы; (ұйқы уақытысында жазылу процессі жылдам жүреді)
5. Жүйке жасушаларының эмоционалды, химиялық қорын сақтаушы;
6. Психоаналитикалық қабілетті дамытушы;
7. Созылмалы аурулардан сақтаушы (ұйқысы жиі бұзылатын адамдарда созылмалы аурулар 2 есе көп)
8. Қаныңыздың құрамындағы қанттың мөлшерін реттеуші; (ұйқы уақытысында бұл процесс те белсенді жүреді)
9. Стрессті жазушы; (нормамен ұйықтап жүрген жандарда стресске ұшырау аз кездеседі)

Қазақтың ұйқыны арсыз атауы да бар, 6-8 сағаттан тым аз, не тым көп ұйықтайтындар ауруларға көп шалдығады, еріншектік басады.
Шамадан тыс көп немесе шамадан тым аз ұйықтайтын жандар үшін дабыл:
- 3-4 сағат қана ұйықтайтындардың сезіну қабілеті 45%-ға төмен;
- Жарты сағат ішінде көзі ілініп кетпеген адамдар эмоционалды қысым мен стресске шалдыққандар;
- Аз не көп ұйқыдан кейін шаршаңқы қалпынан арыла алмау, мидың зақымдануы, бас ауруы, депрессияның белгілері;
- Түн ішінде жиі оянып кететін адамдарға: сіздің ауруға шалдыққан организміңіз сізге дабыл қағуда;
- 10 сағаттан артық ұйықтайтын ересектерге қауіп төніп тұр! Себебі, биоритим бұзылған, апатия, депрессия, организмінің энергетикалық тонусы нашарлайды.
- Созылмалы ауралар сіздерде 2 есе көп кездеседі!

1 жауап

0 дауыс
Мен біраз уақыт ұйқы туралы ақпарат іздеп жүрдім. Себебі, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей өзімді де қалай аз сағат ұйықтап үйрету керектігін білмейтінмін. Сабақ оқып отырып ұйықтап қалу - əдетке айнала бастады. Сонымен, назарларыңызға мен үшін маңызды тақырыпты ұсынамын. Смайлик «smile»

Табысты, өнімді, жұмыс істеу үшін қанша сағат ұйықтау керек?

Ұлы адамдарға бірер сағат ұйықтау жеткілікті болған екен. Бұл туралы нейробиологтар не дейді?

Біз өміріміздің үштен бірін ұйқымен өткізетініміз - бəрімізге мəлім. 6 жастағы баланы елестетіп көріңіз, ол – менің ұйқым.

Бірақ біздің дəл не үшін ұйықтайтынымыз, ұйқымыздың ең үлкен себебі – біз үшін құпия екен. Ғалымдар «Адам неге есінейді, түшкіреді, ұйықтайды?» деген сұрақтарға жауап таппаған. Əрине, олар сол уақытта организмде болатын процесстерді бақылап, зерттейді. Дегенмен, əр түні не себеппен ұйықтайтынымызды таппапты.

Қалай болғанда да, ұйқы - қажет. Жанарларға жүргізілген тәжірбиелер - соның тағы бір дəлелі. Нейробиологияға қызығатындарға, бұл туралы толығырақ оқығысы келетіндерге төменде сілетеме қалдырдым.

http://isites.harvard.edu/…/Everson%20et%20al.%20-%201989%2…

Бұл туралы оқу және айту мен үшін аздап көңілсіз болса да, айтайын. Жануарларды жасанды ұйқысынан айырғанда, басқа анатомиялық себепсіз 11-32 күн ішінде олар дүние салып отырыпты. Ұйқы – маңызды.

Бұрын «ұйқысыздықтан адам қайтыс болған жоқ, сізді ұйқысыздық мазаласа оны өз пайдаңызға асырыңыз» дегенді оқып, «менде де сондай мүлдем ұйықтамайтын қасиет болса...» деп ішімнен армандап кетушіт едім. Бірақ, мен қателесіппін. Солай жазған және ойлаған тұлғалар да. Өте сирек кездесетін FFI ауруы – генетикалық, балаға берілетін ауру, шамамен 40 жасқа келгенде ұйықтау қабілетінен айырылған адам бірнеше жылдан кейін осның кесірінен қайтыс болады екен.

Қазір ғалымдар келесі гипотезаға тоқталған: ұйқы арқылы ми ақпаратты синтездейді. Бұл туралы ғылым жөніндегі ең атақты ағылшын тілінде жарық көретін Science http://www.sciencemag.org/басылымы жариялапты . Демалу үшін немесе калорияны сақтап тұру үшін емес екен  Memory-ді және əлемді түсіну қабілетін қалыптастыру үшін қажет.
http://www.cogsci.ucsd.edu/~…/COGS175/readings/Stickgold.pdf

http://www.sciencedirect.com/…/article/pii/S0896627302007468

https://www.researchgate.net/…/47790667_Effects_of_sleep_de…
https://www.researchgate.net/…/47790669_The_effects_of_napp…

Адамдардың бір тобын таңертең, екінші тобын кешке сабақ үйретіп, 12 сағаттан соң зерттеу жүргізу арқылы ұйықтап тұрған топтың есте сақтау қабілеті жақсырақ екенін аңғарған. Сонымен қатар, дұрыс ұйықтамайтындар миы негативті информацияға фокус жасап, соларды көбірек синтездейді екен. Соның кесірінен адам депрессияға ұшырайды.

Ал жеткілікті ұйықтамау артық салмаққа қалай əкеледі?
Ұйықтағанда жүретіңн гормондық процесстердің тез дисбалансқа ұшырау қабілеті бар екен. Мысалы, бір зерттеуде екі жас жігіт 2күн 4сағаттан ұйықтаған соң , герлин гормоны (тәбетке, жеуге құмарлыққа жауап береді) 28%-ға көтеріліп, ал лептин (керісінше, тəбетті төмендетуге жауап береді) 18%-ға төмендеген. Соның салдарынан адам артық салмақ жинайды. Небәрі, 2-ақ күн! [Соңғы күндері тамақ көп жеуімнің себебін енді түсіне бастағандаймын.]

http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC1991337/

Дұрыс ұйықтаудағы көгілдір сәулелердің орны бөлек.

http://www.health.harvard.edu/st…/blue-light-has-a-dark-side

Гепатитке қарсы екпе дұрыс ұйықтамағандарға тиімсіз еекен. Мәселен, бір топ адамға екпе жасаған. Оның ішіндегі бір топ адамның түні бойы ұйықтауға кедергі жасаған. Бір аййдан соң дұрыс ұйықтаған топта антителдер көбірек болған екен, тіпті келесі топта жоқтың қасы.

http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3397812/

Күніне 5 сағат ұйықтау – жеткілікті дейтіндер, соған үйреніп қалғаны соншалық, оларға ұйқысыздықтың кері әсерін дәлеллдеу қиын. Ұсынылған сағат уақытысын ұйықтағанда олардың организмдерінің жұмысы әлдеқайда жақсы болушы еді. Нейробиологтар 8 сағат ұйқыны ұсынады. Біреуге бұдан аз-көп қажет болуы мүмкін, орта есеппен 8сағатты ұсынады.
Қызығы, жасөспірімдерде кішкене цикл басқаша екен. Оларға көбірек ұйықтау керек екен, тіпті, қажет екен. Тинэйджерлер, сіздерді көп ұйықтайды деп мазалайтындардың бәрін белгілейміз! )) Бұл кезде олардың циркадтіқ циклі кішкене ауытқиды да, оларға кешірек жатып, кеш тұру – қалыпты құбылыс екен.

Сонымен қатар, күндізгі ұйқы да маңызды екенін айтпаса да білетін шығарсыздар. Бірақ, 20-30 минуттан артық ұйықтамау керек. Көз жан-жаққа кетіп, түс көріп бастағанға дейін тұрып кету керек екен. Бұл кезде тұрғандардың сергек болып жүруі – қиын.

Сонымен, көп ұйықтау – дұрыс емес деп қалыптасқан біздің ортада кейбір мәселелерге жаңа қырынан қарау керек сияқты. Мәселен, ірі Google. Facebook. NASA сияқты ірі компаниялардың көбісі жұмысшылар үшін жұмыс уақытында ұйықтау жағын қамтамасыз етіп қойған. Жұмысшылар түскі уақытта, әдетте ұйқысы келген уақытты, көгілдір сәуледен қорғайтын ‪#‎energypod‬ сияқтыға жатып, ұйықтап алады екен.

Бұл мәліметтер сізге де пайдалы болды деп сенемін. Бәріңізге тиімді, дұрыс ұйқыны тілеймін!
...