ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды.
Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды.
«Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр . Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар.
Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
4.Шежіренің түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза) шежіре, 3. өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді.
Қазақ шежірелерінің үлкен бір саласы «өлең шежіре» мұнің негізгі себебі: қазақ халқының өмірінде өлең сөздің (поэзияның) атқаратын тарихи традициялық ролі мен мұрагерлік қасиеті жатыр. Қазақ өлең сөзінде «Ата өлең» деген өлең түрі бар. Әсіресе ақындар айтысында ақын әріптесінен «адамға тегін білмеу мін болады, айта отыр ата тегің кім болады» деп жөн сұраса ай тысады. Әне сол өлең шежіре осы ата жөн сұрасудың дамыған түрі – қазақтың ақын халық екендігін, өз өмірін өлеңмен түсіндіру, шежірелік жыр-дастан ету, қазаққа тән қасиет сондықтан өлең шежіре қазақ фольклорының шежірелік бір жанры.
Ал қазақ шежіресінің енді үлкен арнасы «жайынсөз шежіре» (проза) бұл да қазақтың шешендік өнерінің бір саласы ертегі, аңыз-әңгіме, тарихи естелік, әңгіме, ұлы әңгімеге ұласқан жанр түрлері. Мұны жаратушы жазушы адамдар оқымысты, көпті көрген көсем, ойлы, шешен тілді ел аталары ру шежірешілері болған, шежіренің ана үш түрі де осылай тек мазмұндық парықты.
Адамзат қоғамының даму тарихынан алғанда: ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып қалыптасу, даму барысы бар. Қазақ шежіресі – қазақ ұлтының үш мың жылдық даму барысының мәдени мұрасының бір саласы.
Қазақ ұлтының шығу тегі (нәсілі) атадан таралуы туралы қазақ шежірелерінің көбінде: барлық «қазақ» аталатын адамдар «қазақ - ата нәсілінен таратылады». Қазақтан Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұл туады. Бекарыстың ұрпағын «ұлы жүз» деп атап, одан Үйсін, Қаңлы, Дулат, Түркеш, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ошақты, Шанышқылы, Сіргелі т.б. тайпалар кірген. Ақарыстың ұрпағы «орта жүз» деп атап одан: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ тарайды. Жанарыстың ұрпағын «кіші жүз» деп атап, одан: Әлімұлы (Әлім, Шүмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті), Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ысық, Қызылқұрт); Жетіру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Төлеу, Табын, Тама, Рамадан) тарайды. Осы рулардың өзіндік ұраны, таңбасы болған.
Ұлт дегеніміз – адамдардың бір территорияда жасаған отандық бірлігі, бір тілде сөйлейтін тілдік бірлігі, бір наным-сенімдегі діндік, бірлігі бір, салт-саналық рухани бірлігі, тұрмыс-тіршіліктегі шаруашылық бірлігі негізінде қалыптасқан қандастық қатынастағы туысқандық бірлігін ұлт дейміз.