0 дауыс
46.7k көрілді

Шежіре (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Сәбит Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді айтады.

Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке отбасының, әулеттің, атақты қолбасшы, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ерте дамыған. Онда сол мемлекетте, көрші елдерде күнбе-күні басты оқиғалар «хроника» есебінде жазылып, отырған. Осылай өз тарихының деректі негізін жасаған. Көрші Ресейді патшалардың, текті сославиелердің, жеке дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан.

Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл, құлағымен жағын жер» деген аталы сөздер соның айғағы. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұрпақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бір адамның жеке басының тағдыры арқылы оның құл емес екенін, ата тегін, өз ортасының белді мүшесі екенін, он алты жаста ордаға енер, жау ортасын бұзып-жарып кірер адамзат екендігін байқататын фактор.

Шежіре арқылы оның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т.б. болмыс білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар — айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.

Қазақ үш жұртынан тұрады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетіп, соның нәтижесінде барша халықтану қалыптасары даусыз.

Сіз өз шежіреңізді білесіз ба?

4 жауап

0 дауыс
«Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» – бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан.
Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау. Қазақ ру шежіресі қазақ жазу тарихынан бұрын ауызша сөз өнері көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болды да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірелер бір атадан тараған ұрпақтардың, туысқандастық қатынасын білдіретін рулық шежіре алғаш сол рудың ақылды аталар аузынан аңыз-ертек ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» деп айтуда.

Оның себебі:

1. Жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой;
2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді;
3. қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды;
4. бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, өбересі, шөпшегі, туажат деп атаудан «шежіре» басталады;
5. жеті саны қазақтың  наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым.

Қазақтың ата-баба шежіресі рулық, тайпалық, ұлыстық, ұлттық шежіреге ұласқан шежіре. Сондықтан тарихшылар бір ұлттың  шығу тегі мен қоғамдық жағдайы туралы зерттегенде алдымен сол ұлттың мұралық аңыз шежірелеріне көңіл бөледі. Қазақта 20-10 атаға дейін тарататын ақсақалдарды «шежіреші» деп атады. Қазақта әр рудың, әр тайпаның өз шежіресі болды. Бұлар көбіне оқығанынан тоқығаны көп, ақылды адамдар болып, олар ата-баба шежіресін жинап, реттеп, жазып, жаратушы, айтып таратушы болды. Бұл шежірешілер өз заманында және ерте заманда болған ірі тарихи оқиғалар, соғыс, апат, жұт, үркін-қорқын, қоныс ауған ел, оқиғаларды, жеке хандар, батырлар, шешендер, жыраулар туралы тарихи мәлімет шежірелік дерек беріп отырды. Және мұндай шежірешілер байырғы қазақ тұрмыс, салты, наным-сенімі, календары, жыл, ай, күн есептері, дәрігерлік, шипагерлік, оташылық қатарлы жан-жақтылы білікті адам болған.
0 дауыс
Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 — 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев,Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар Шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір Шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатты. Рашид әд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.

[A.]
Шежірелер кітабы.

Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған Шежірелердің ең бағалылары — Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады. Сондай-ақ “Көшен-Қарауыл шежіресі“ (18 ғасыр), “Жәңгір хан шежіресі“ (1835),Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүз шежіресі“, А.Ниязовтың “Үш жүздің шежіресі“, А.Жантөриннің Шежіресі, Потанин жазып алған Мұса Шорманұлы Шежіресі, Ө.Бөжейұлының “Қазақ жұртының шежіресі“, Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған “Орта жүз және Кіші жүздің шежіресі“ (1894), “Насабнама“ сынды шығармалардың да құндылығы жоғары. Шежірені топтаудағы дерегі мол еңбектер қатарына Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Халиди, Мәшкүр Жүсіп Көпейұлы, Н.Наушабаев, Торғай би жинаған “Үш жүздің шежіресі“ (Гродековжазбасында), Диханбай батырдың “Ұлы жүз шежіресі“ (Аристов жазбасында) сынды жұмыстар жатады.[1] Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады. Қазіргі таңда Шежірені дерек көзі ретінде қарастырып, одан алынған мәліметтерге ғылыми пайымдаулар жасау, тарихи материалдармен байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының Шежіресі “Өнер“ баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. “Алаш” ғылыми-зерттеу орталығында (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) Шежіре деректері жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жанжақты баяндалуда. Шежіренің қазаққоғамындағы рөлі, одан алынатын құнды мағлұматтар тарихшы мамандар тарапынан зерттелу үстінде. Қазақтың шежірелік мұрасына қатысты пайымдаулардың түйіні мынаған саяды:

Қазақстан тарихын жазу барысында Еуразия көшпелілері туралы, оның ішінде түркі тілдес халықтар жайында жазылған байырғы және ортағасырлық еңбектердің баршасы тілі мен діліне қарамастан қаперде болып, ғылыми сараптан өткен деректер рухани айналымға түсуге тиіс.
Еңбектері шежірелік сипатта жазылған, әсіресе Алтын Орда ұлысынан бергі кезеңді тілге тиек еткен төл авторлардың еңбектері Қазақстан тарихы үшін аса құнды дерек көзі болып табылады.
Қазақтың фольклорлық мол мұрасындағы (тарихи өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер, шежірелік баяндар, мақал-мәтелдер, т.б.) деректерді өмір шындығымен шендестіре отырып, Қазақстан тарихының мазмұнын байытатын қыруар мағлұмат сүзіп алуға болады.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
0 дауыс
Саламатсызба. Шежіреге неге қыз баланың аты жазылмайды. Біздің шыққан тіліміз ғой ол. Əрі қарай қыздан туған бала жазылмау себебін түсінемін таласым жоқ оған. өйткені ол əкесінің ұрпағы болып жазылады. Ал біздер аспаннантүспедік ғой. Тек біздің атымызды жазып қойғанның несі айыб?
0 дауыс
Жаман бәрі қате
...