8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні құттықтау!

+4 дауыс
7.4k қаралым

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Құрметті, Сұрақ-Жауап сайтының әсем арулары, аяулы аналары, қарындас-әпкелер!!!

Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Дендеріңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!

Көктемнің шуағындай әр кез күлімдеп жүре беріңіздер! Жүздеріңізден жылулық, жүректеріңізден шуақ кетпесін! Әр атқан таң сіздерге мол қуаныш, үлкен бақыт пен шексіз шаттықтар сыйласын! Мереке құтты болсын!

Құрметпен Сұрақ-Жауап сайты ұжымы!

• Санаты: Жалпы сұрақ | 7.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Сіздерді де 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!  Күндеріңіз шуақты да нұрлы бола берсін !

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы