0 дауыс
1.2k көрілді
Шымкентте қарбұлақа немесе қарабұлақпа деген жерде өзбектер тұраді деп естідім сол распа? Енді естіп тұрмын. Бұрын соңды өзбектерді Ташкенттен көргем

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қарабұлақ - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданындағы ең үлкен елді мекендердің бірі. Облыс орталығы – Шымкент қаласынан солтүстіке қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Халқының саны 45000-ға жуық. Жер көлемi – 11134 гектар. 4 денсаулық сақтау, 12 бiлiм беру мекемесi, 3 базар, 5 стадион, 19 мешіт, 5 өндiрiстiк кооператив, 4 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 1400 шаруа қожалығы бар. Сайрам ауданындағы ең үлкен мешіт және Қазақстандағы ең үлкен мал базар да Қарабұлақта орналасқан.

Қарабұлақ аймағы дегенімізде — күн шығыстағы Мата өзенінен, күнбатыстағы Ақтан ата Ақсу-ға дейінгі кең алқап көзге елестейді. Қарабұлақ Исфиджабтың ең үлкен кенті (қалашығы) болғаны тарихтан мәлім. Исфиджаб шахарының тарихына 7000 жыл болған болса, Карабұлақ өңіріне адамдардың қоныстанып, өмір сүре бастағаны одан да ілгері уақытта болғаны туралы тарихи деректер бар, және сонымен қатар Қарабұлақ Ұлы Жібек жолы бойының күре тамырында орналасқан бірден-бір кент болғаны жалпыға мәлім. Ақсу өзені (Бойза, Юран-Ярва қорқынышты деген мағынаны білдіреді екен. Бұл әсілі өзеннің ағысының күштілігіне байланысты айтылса керек). Сығанақтан басталған керуен жолы Исфиджабтан өтіп Ақсулат (Жошыхан) төбесінен — Күлтөбе, Сортөбе (Шарап), Құлан (Кайнарбасы) арқылы Тараз, Қытайғабет алған. Қарасуды бойлап Бекжота, Ханқорған, Ақмешіт арқылы Отырарға барған. Демалыс аймағы жанындағы Ақсулат, Сортөбе, Құланкент, Аққорған, Ханқорған, Құлкент, Ақсарай және тағы да басқа кіші елді мекендердің орны күні бүгінге дейін сақгалған.

Қарабұлақ тарихта Қытай, Тұран, Иран және өзге де елдердің саудагерлерінің тоғысатын орны ретінде қарастырылған, Тарихтағы атақты жіhангерлер: Кир, Ескендір, Шыңғысхан, Әмір Темір[3], Қара хан, Оғыз хан осы өлкеден өткені тарихтан белгілі.

–1 дауыс
99 пайызы өзбек  халқы  болып  келетін ауыл. Халық  саны  өте  көп
...