0 дауыс
2.7k көрілді
Мен бір ойды төгейін толқындатып деп бастап өлең жолдарын тізіп беріңдерші?

1 жауап

+2 дауыс

Мен бір ойды төгейін толқындатып,
Барша халық тыңдасын назар салып.
Қазақ тілім, ана тілім қайда бүгін?!
Осы сауал миды жеді мазалатып.
Қазақша өз тілім бар сөйлейтұғын,
Бас кессе де ешкім ге көнбейтұғын.
Рухым күшті әу бастан жаратылған,
Найза намыс жаныма бермей тыным.
Тіл дегенде батырдай сайланамын,
Өзімді-өзім алмастай қайрағанмын.
Сөзим семсер, тілім от лапылдаған,
Қорлама сен тілімді, қой алтыным.
Тіл білмесе кейбіреу арланамын,
Бұл қалай деп ойланып, таңданамын.
Ана тілін білмеген білімсізді,
Аяймын мен соншама сорлағанын.
Тілім шықты ең алғаш тал бесікте,
Тілім шықты жүректе қан кешіп те.
Ата-бабам жау қаптап келген кезде,
Айқай салган даусымен таң кесіп те.
Сәби шақты мен бір сәт ойға алайын,
Оны айтпауға бүгін де бар ма жайым.
Тілім алғаш шыққанда балдыр-бұлдыр,
"Апа" деппін қалайша аңдамайын.
"Ау, құлыным" депті анам шалт қуанып,
"Апа" деген тіліңнен айналайын.
Содан бастап сойлеймін өз тілімде,
Кейбіреулер тіліме көз тігуде.
Қазақ тілін білмеген кей пақырлар,
Орысшамен шүлдірлеп желпінуде.
Ана тілім-тынысым, тіршілігім,
Асқақ сөйлеп көгімде тұршы бүгін.
Сен бар жерде ұраным өшпес маңгі,
Өтпейді бодандықта құлшылығым.

Мен бір ойды төгейін толқындатып,
Үлкен дана, ұстаздарға ұқсап бағып.
Алдыма қойған мақсатым сол озат болу,
Сол мақсатқа жетсем, елім жүрсін танып.
Бірақ қайдам, сол мақсатқа жете алам ба?!
Осы сауал тұрып алды мына ойда.
Ештеңе етпейді, не болса да тырысамын,
Ең бастысы, тоқтамасын жүрек мына.
Соқ жүрегім, тоқтама, соға бергің,
Алғыс, мейір, үлгіге тола бергін.
Ақ жарылқап, ақ пейіл ниетіңмен,
Рахметін адамның ала бергін.
Соқ жүрегім, толассыз соға тұрғын,
Бұл өмірден достарды жолықтырғын.
Ізгілік пен мейірге орын беріп,
Мерейіңді адалмен толықтырғын.
Өмір деген шын күрес айқасатын,
Өмір деген шын ерлік байқасатын.
Оған сенің ептілік күшің керек,
Қалқан керек дауылға сай тосатын.
Өмір-өзен ағысы аласұрған,
Жүйрік аттай жаратып таң асырған.
Кей күн келіп бәйгеден,кей күн қалып,
Үміт күттірген әр таңның жаңасынан.
Өмір-өзен ағады, тоқтамайды,
Көтерер биіктерге бақ талайды.
Бірақ та жақсылық жоқ сен дәметкен,
Біреуге сор, біреуге бақ қарайды.
Өмір-өзен, бақытың жанса жол болғаны,
Ырысың, дәулетің мол болғаны,
Ал жанбаса бақытың оттай лаулап,
Сорыңның ашылмайтын қор болғаны.

Ая Курамысова атты әлеуметтік желі қолданушысы Вконтакте желісінде жариялаған екен

...