+2 дауыс
10.4k көрілді
Ерлердің бедеулігі деген не?Ерлерде бедеу болама?Кім біледі айтып беріңіздер өтінемін

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ерлер бедеулігі әдетте белсіздік деп аталады, бедеулік әйелдердің бала көтеру кабілетінің жоқтығы. Белсіздік -  түсінікті тілмен айтқанда ұрықтың болмауы. Белсіздіктің кесірі бедеуліктен кем емес.
Еркек белсіздігі – еркек шәуһетінің әйелді ұрықтандыруға қабілетсіздігі. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де араларында бала болуын қалағанымен бір жыл ішінде әйел жүкті болмаса неке сәбисіз деп саналады. Көптеген медициналық зерттеулер көрсеткеніндей, бала көтермеудің барлық жағдайының шамамен жартысында оған негізгі себептер еркек ағзасынан табылып жатады. Бұл фактілер ер адамдардың арасында «баланың болмауына әйел кінәлі» деп кесіп айтатын жаңсақ пікірді жоққа шығарды. Сондықтан да бала сүйе алмай келе жатқан ерлі-зайыптылар бірге тексеріліп, нақты себептерін анықтап алуы тиіс.

Ер адамдардың белсіздігінің алдын алу және ауырған жағдайда емделу үшін мынадай кеңестер ұсынылады:

– салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс және уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, денсаулығын қадағалау;
– темекі шекпеу, алкогольді қолданбау;
– жыныстық қатынастың бұзылысына әкелетін дәрілерді қолданбау;
– несеп жолдары мен аталық бездердің ауруларын алдын-ала тексеріп, дер кезінде ем қабылдауын қадағалау қажет.

«Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» дейтін қазақ қоғамында отбасының балалы болып, баспанасының базарға толуында ең бірінші ана денсаулығы маңызды деп қарайтын түсінік қалыптасқан. Шаңыраққа шаттық сыйлар ұл-қыздың болмауын ең бірінші әйел адамның бедеулігінен көретіні де сондықтан.
 Ал ер-азамат денсаулығының жағдайы көбіне-көп ашық айтылмай, жабулы күйінде келеді. Ал маман-дәрігерлер болса, ұрпақты тоғыз ай көтеретін анамен қатар, әке денсаулығының маңызды екендігін айтады. Статистикаға жүгінсек, қазіргі кезде елдегі отбасылардың 16 пайызы бала сүю бақытынан айырылып отыр. Ал сол отбасылардың жартысына жуығы ер-азаматтардың белсіздігі кесірінен балалы бола алмайды екен.

Ең жақсысы, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде дегендей, алдын-ала сақтанып, сау жүру ғой.
нақты жауап беріпсің ғой Көркем! өте орынды! +1

 алдын алау шараларына қосарым:
- жылы киініп жүру
- мұздай жерлерге отырмау
- общественный баняда гигиеналық шараларды қатаң сақтау: жеке леген, жөке т.б.
- күдікті белгі табылғанда дер кезінде уролог дәрігеріне көріну.
Асқынып кетпесе емделуге келетін потология.

аса мейірімді АЛЛА бұл сырқатты ешкімге жолықтырмасын деп тілейік, себебі бала өмірдің мәні, жалғасымыз ғой. сонықтан алкагольді сусын мен темекі шегуден аулақ болайық достар! болашағымызды бүгіннен ойлайық!
...