Тұсаукесер. Қазақты адастыратын салт-дәстүрлер?

0 дауыс
1.1k қаралым

Қазақты адастырмаңдар достар!

1. "Тұсаукесер". Баланың тұсауын қайшымен кеспейді, өмірі қайшылыққа толы болады. Оны тек өткір пышақпен кеседі, және пышақтың жүзін жоғары қаратып ұстайды. "Қазақстан" телеарнасынан қайшымен кесіп көрсетіп жатыр. "Дүмше молда ел бұзар!" деген осы.

2. Арабтармен араласа бастағалы бері көне заманғы қазақ қариясының бәрінің басына бөрік астынан ақ орамал тартқызу сәнге айналды. Біз білетін қазақ басына шыт орамалды тек көкпар шапқанда ғана шарт байлайтын. Кеңес заманындағы классик жазушыларымыз бен кинорежиссерлерімздің ешқайсысының туындысында да қазақтың ер азаматына орамал тартқызу жоқ болатын.

Бұрмаланған дұрыс емес, өзгертілген тағы қандай салт-дәстүрді білесіз?

• Санаты: Салт-дәстүр туралы

1 жауап

0 дауыс
Бұрмаланған дұрыс емес, өзгертілген тағы қандай салт-дәстүрді білесіз?

Қызды ұзатқан кезде түнгі 12 ден қалдырмай ұзату деген жаңсақ салт бар. Ал негізінде қызды таңда күн шығар кезде шығарып салатын болған екен. Күн шығып жаңа күн басталды, ал қыздың жаңа өмірі басталады,Жаңа өмірдің бастауы дегендей. Жарық күндей өмірі шуақты болсын деген ниетпен ұзатқан екен.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы