0 дауыс
1.5k көрілді
Влог (видео-блог) туралы не білеміз?

1 жауап

+1 дауыс
Мен ең танымал YouTube видеохостингін мысалға алайын.

Онда, адамдар көрілген рекламасына байланысты жақсы ақша табады. Ия, көрілім санына емес, сол каналға тіркелуші адам санына да байланысты емес. Өздері салған видеолардың арасында көрілген жарнама үшін. 2015жылдың күзіндегі статистика бойынша, YouTube-тің ең көп ақша табатын жұлдызы - PewDiePie YouTube Chanel екен. Ол өзінің сүйікті ісін видеоға түсіру арқылы 12млн $ тауыпты.

Влог түсіру арқылы ақша табу үшін не істеу керек?
1. Канал ашу
2. Контент
3. Уақыт
4. Шыдамдылық
Өзіңізге ұнайтын, сіз білетін тақырыптар аясында канал ашыңыз. Мұнда қарапайым ереже бар, ол - тұрақтылық. Кемінде аптасына 1рет видеоңыз желіге салынып отырсын. Сізге видеоны кішкене болсын монтаждап үйренуге тура келеді жəне салған видеоларыңыз сапалы болсын. YouTube серіктестігін алғаннан кейін ғана сіз видеоны монетизировать ету арқылы ақша табасыз, яғни видео арасына жарнама қосу арқылы. Ал YouTube серіктестігін немесе медиажеліні алу үшін каналыңыздағы видеолардың көрілім саны мен тіркелуші саны белгілі бір мөлшерге жету керек.
Бұл туралы қызықсаңыз, күніне кемінде 2-3сағат арнауға дайын болсаңыз, канал ашып бастаңыз, бастап көріңіз.
...