0 дауыс
74.1k көрілді
Шіркін, Алматы... Қанша жанның, қанша халықтың қаймағындай ұйып отырған, түйіскен жер - өзің, Алматы. Менің сүйікті Алматым!

5 жауап

0 дауыс
Менің сүйікті Алматым! Сені жолдағы кептелісіңе жақсы көрем бе екен, болмаса қалың шаңыңды жақсы көрем бе екен? Əйтеуір, көңілім бір өзіңе бұрып тұрады.

Бір топ индивидтер əдеттегі қарқынмен əлдеқайда кетіп барады. Əдеттегідей бір дүниеден құр қалғандай асығып жүр. Күйбең тіршілік. Сан дүние ойланып келе жатқанда, бір сəт кілт тоқтай қалды. Бəрінің назарлары бір нүктеге қадалды. Енді олар қарқындарын жылдамдатып, жүгіре бастады. Үлкені болсын, кішісі болсын жай ғана аялдамада тұрған автобусқа мініп үлгеру үшін жүгірген еді. Күлкілі əрі қызық. Мұны көргенде Алматыны бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кетемін.

Бұл құбылыс Алматылықтар үшін ерсі емес. Қайта аялдамада тұрғандар жүгіріп келе жатқандарды көріп, автобусты 5 секундқа болсын кідірте тұрады. Олар бір-бірімен сол аялдамада, күннің сол уақытында мың рет кездескен болуы мүмкін. Бірақ танымайды. Алматыны осы үшін жақсы көремін: климаты қолайлы мегаполис болғаны үшін. Мегаполис болған соң, қай жағынан болсын даму бар ғой, бəсеке бар. Мейлі ол жеке планда болсын не мансап жолында болсын. Əлемнің кез-келген түкпірінде тұруға мүмкіндігім болса да, Алматыда тұрушы едім. Себебі, Алатаудың таулары күніге ерекше қуат беріп тұратындай маған.
Тұрушы едім емес,(Сен бұрыннан алматыда тұрушы едің ба? Сонда қалай боп кетті сөзіңнің мағынасы?) Алматыда тұратын едім деп дұрыстап жаз (келер шақ). Қазақтың сөзінің мағынасын бұзбаңдар.
0 дауыс

Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, болашақ, соның ішінде, Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!…Қазіргі уақытта қаламыз бұрынғысынан да әдеміленіп, көркейе түскен.

Алматы – күмістен құйған қала,

Қойнына кім-кімде сыйған қала

Алматы – құшағы қазақтардың,

Алматы түгелдей думан қала, – деп жырлаған өлеңдерден туған жерге деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Біз де осы ақын-жазушылардың, суретшілеріміздің туған жерге деген махаббатын үйренуіміз керек. Қазірден бастап әрқайсысымыз қаламыздың абыройын асқақтатып, көркейтіп, гүлдендіре түсуге асығайық. Қалаға өз үлесімізді қосайық!

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала құшақ жаяды. Әрбір алматылық азамат өзін қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармағаны жөн. Тағы да айта кетерлік жәйт, бұл қала – ірі мегаполис. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттармен ерекшеленіп, көркейіп, өсуде. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестер күтіп тұр.

Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады.

0 дауыс

Алматы – менің сүйікті қалам.

Кейде қауырт тірліктен шаршап, тыныстағым келгенде балконға шығып кететінім бар. Күрең күзбен бірге құлазып қалған көңіл бір нәрсені қалайтын сияқты. Көзге емес, көңілге тізгін беріп шоламын айналамды. Кәрі Алатаудың бауырында жатқан түнгі Алматы. Аспанға ұмтылған абат үйлердің ар жағынан еңсесін еңкейтпеген Алатау менмұндалап қол бұлғайды. Күндіз де, түнде де тыншыматын ару Алматы кәрі қамқоршысының қарауында. Алматы – Алатаудың ару қызы. Түн құшағына еніп қарайып кететін Алматы жоқ. Мүлгіген қарт Алатаудың қойнында жатса да түн баласы келгенде қайта түрленеді. «Өмірдің қиындығына төзе біл. Болашағыңды түрлендір!» деп сыр айтқысы келетін сияқты түнгі Алматы. Өз басым солай ұғамын.

Кейде түнгі шамдарын жаққанда ерекше құлпырады. Әсіресе көзге оттай басылатын ақ шамдары аппақ арманға алып ұшатын ақ қанаттардай көрінеді. Айтпақшы, арман демекші, Алматы біреуге – арман. Армандар орындалатын мекен. Жер бетіндегі жұмақ. Ақ тілегін алдынан ақтарып, Алматыдай алып қалаға әр ата-ана өз баласын талай аттандырған. Қашанда «тәбірік» болған сол дәстүр ешқашан толастаған емес. Тіпті қол жетпес айдай болса да, болашағына «бал ашқандар» өз тағдырын дәу қаламен байланыстыратын. Кішкене шабаданын қолына ұстап,үлкен арман мен үміт жетелеп келген қаншама жандар осы мекеннен бақытын тапты.

Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам.Тротуарда тусам да қазақтың қадірін білетін жанмын. Біреулер «қалада қазақ болмайсың, қазақылық кеткен» деп жатады.Даланың төсінде еркелеп өскен ауыл балаларынан кем түспеймін. Себебі,қазақылық пен қарапайымдылықтың иісі қалада да бар. Тек оны көре алатын қырағы көз керек. Мен сүйікті қалам – Алматымен мақтанамын, марқаямын.

Байқасаңыз әрқашан жан-жағын жан шуағына бөлеп, сәуле шығаратын жақсы жандар болады ғой. Мен Алматыны соған ұқсатамын. Біреуге арман болған, біреуге бақыт әкелген Алматы. Біреуді қолтығынан демеп, желеп-жебеп, арманын – асуларға, өзін қарапайымнан асылдарға жеткізген Алматы. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Берекесі мен мерекесі, тірлігі мен бірлігі жарасқан – Алматы. Талай тағдырды тоғыстырған, жалғыз жүректерді жолығыстырған–Алматы. Еркіндік пен кеңдікті, насихат пен теңдікті ұстаған –Алматы. Мұң-қайғы мен шаттықтың, жастық пенен қарттықтың куәсі болған –Алматы. Ақындарға жыр болған, сазгерлерге әуенмен шертер сыр болған–Алматы!..

Күндіз қаптаған халық нөпірінен еңсеңді езіп тастайтын қала түн келсе де түнермей жарық шамдарын жағып, мені тыңдап, тына қалғандай болады. Күндіз мен оны, ал түнде ол мені тыңдайды. Шабытыма шабыт қосып, шарқ ұрғызады. Кейде қиял жетегіне еріп, балконнан әрі асып, ұшып шығып «қабақтарын түкситкен тау аталарға» қарай бір тартқым келеді. Жарқырай жылы шырай танытып тұрған әсем Алматыны сонда отырып бір көргім келеді.

Ынтықпын өзің жайлы жұмбақтарға

Жер бетінде өзіңдей жұмақ бар ма?..

Бір муза-сезім қылымды қозғайды...Өзіңе ән-жыр арнаған алдыңғы толқынның көшіне еріп, мен де сезім қылын шертсем ол артық ете қоймас, ару қала! Саған әр түн сайын мен сияқты жасөспірімдердің жүрегінен ақтарған жауқазын жырлардың жазылып жатқаны рас. Алматы – менің сүйікті қалам!


0 дауыс
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр.

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.

Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн.
0 дауыс
Әмір АБДЫҒАЛЫМОВ – Бостандық ауданы №140 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы (пән мұғалімі – А.Мұхтарқұлова)

Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, болашақ, соның ішінде, Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!

Айжан СҚАҚОВА – Бостандық ауданы №138 гимназияның 9-сынып оқушысы (пән мұғалімі – Ғалия Байсбаева).

…Қазіргі уақытта қаламыз бұрынғысынан да әдеміленіп, көркейе түскен.

Алматы – күмістен құйған қала,

Қойнына кім-кімде сыйған қала

Алматы – құшағы қазақтардың,

Алматы түгелдей думан қала, – деп жырлаған өлеңдерден туған жерге деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Біз де осы ақын-жазушылардың, суретшілеріміздің туған жерге деген махаббатын үйренуіміз керек. Қазірден бастап әрқайсысымыз қаламыздың абыройын асқақтатып, көркейтіп, гүлдендіре түсуге асығайық. Қалаға өз үлесімізді қосайық!

Азамат АЯЗСОФЫ – Алмалы ауданы №16 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы (пән мұғалімі – М.Есмахамбетова)

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала құшақ жаяды. Әрбір алматылық азамат өзін қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармағаны жөн. Тағы да айта кетерлік жәйт, бұл қала – ірі мегаполис. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттармен ерекшеленіп, көркейіп, өсуде. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестер күтіп тұр.

Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады.

Ақбота ӘСКЕРБЕКОВА – Гуманитарлық-коммерциялық колледжінің 3-курс студенті.

Алматы, бұл – біздің Тәуелсіздікке қол жеткізген, Қазақстанды бүкіләлемдік қауымдастыққа танымал еткен қала. Алматы – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш астанасы, қоғамдағы демократияның алғашқы тамырларының бесігі – еліміздің қоғамдық саяси және мәдени өмірінің орталығы болды және солай болып қала береді. Біз Алматыны көркейтіп, дамыту үшін білімді және білікті маман болуымыз керек.

Қуаныш ЖҮНІСҚОЖАЕВ – Заң колледжінің 3-курс студенті.

Алматы – менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә! Бала кезімізде Алматыны біз тек газеттерден, теледидардан ғана көретінбіз. Сол кезде бізге Алматыға бару арман болатын. Міне, қазір сол арманмыз орындалып, Алматы қаласында студент болып жүрмін. Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Онсыз да әсем әнмен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихы, табиғи және тарихи орны да ерекше екені сөзсіз.
...