Ғылымның мақсаты, әлемді, қоршаған ортаны, адамды зерттеу болғандықтан көбіне материалдық нәрселермен шектелгендіктен бұның өзі нағыз ғылым бола алмайды. Шынайы ғылым адамды өзін тануға және жаратылуының түпкі мақсатының не екендігін түсіндіруге қызмет еткенде ғана нағыз ғылым болмақ. Әйтпесе, ол адамның тәндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандыруға бағытталған мәліметтер жиынтығынан әрі аспайды. Сондықтан нағыз ғалым әлемді таныған сайын, жаратқанға деген ынтамызды арттыра түсуі қажет. Әйтпесе ол шолақ білім болып қала бермек. Шынында нақты ғылымдар әлемнің қалай жаратылғанына қатысты жорамал жасай алады, алайда әлемдегі керемет жүйе мен үйлесімнің астарында жатқан Ұлы жаратушының құдіретін назарға алмаса, «неге жаратылды?» деген сұраққа ешқашан дұрыс жауап бере алмайды. (c)