АҚШ визаны алу үшін АҚШ елшілігінде жеке қатысу қажет, ол Астана және Алматы қалаларында. Мекенжайы төменде көрсетілген. Алдын ала азаматтар ҚР АҚШ елшілігінің веб-сайтында онлайн анкетаны толтыру қажет.
Қажетт құжаттар:
- сіздің АҚШ жоспарлы саяхатыңыздан кейін 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс паспорт
- DS-160 формалы анкета, ол онлайн толтырылатын анкета. Визалық анкетаны толтыру үшін сізге цифрлық фотосурет керек. Сіз фотосуретті жүктеу бойынша талаптармен және оның параметрлерімен елшілік сайтында таныса аласыз;
- электронды және қағаз түрдегі 5х5 см өлшемді ақ фондағы 1 түсті фотосурет;
- қабылдаушы тараптан шақырту. Шақырту мәтінінен кім, кімді, қандай мақсатпен және қандай мерзімге шақырылатыны немесе қонақ үйден орын алуын растау анық болуы тиіс;
- қабылдаушы адамның паспортының көшірмесі;
- дәл мекенжайын және басшылықтың телефонын көрсетумен фирмалық бланкідегі жұмыс орнынан анықтама, анықтамада жұмыс тәжірибесі, лауазымы және еңбекақысы туралы анықтама болады (егер сіз жеке кәсіпкер, студент, жұмыссыз және т.б. болсаңыз анықтама талап етілмейді. Мақаланың соңында балама құжаттардың тізімі ұсынылған (студенттер, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және т.б. үшін);
- ақшалай қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
- қаржының қозғалысы туралы банктен анықтама;
- мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
- некені тіркеу, некені бұзу, баланың туу туралы куәлігі (егер бар болса);
- жылжымайтын мүліктің болуын растау (егер болса);
- билеттер бронын растау;
- «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшелерінде төленетін консулдық алымды төлеу туралы чек. АҚШ туристік визаның құны 160 долларды құрайды.
Сұхбаттасуға осы сілтеме бойынша өтіп, онлайн режимде жазылу қажет.
Егер сізге визадан бас тартылса, сіз қайтадан жүгіне аласыз. Алайда сізде сіздің өміріңіздегі өзгерген жағдайлар немесе Қазақстанмен сіздің күшті әлеуметтік және экономикалық байланыстарыңызды көрсететін, қосымша немесе жаңа ақпарат жоқ болса виза алуға қайта жүгіну ұсынылмайды.
2013 жылғы 1 тамыздан бастап туристік, дипломатиялық, қызметтік, ресми, студенттік визалар 5 жылға дейінгі мерзімге ашылуы мүмкін.
Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің мекенжайы:
Ақ Бұлақ-4, 23-22 көше, 4-үй
Астана, 010010, Қазақстан
Телефон: +7 (7172) 70-21-00
Факс: +7 (7172) 34-08-90
Электрондық почта: [email protected]
Веб-сайт: kazakhstan.usembassy.gov
Жұмыс орнынан анықтаманың орнына сіз мынадай құжаттарды ұсына аласыз:
- жеке кәсіпкерлер үшін: жеке немесе заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, сондай-ақ салық органына есепке қою туралы куәлік;
- студенттер үшін: оқу орнынан анықтама. Оқу кезінде сапарға барған жағдайда – сабақта болмауы туралы рұқсат;
- зейнеткерлер үшін- зейнеткер куәлігі;
- жұмыс істемейтіндер үшін сапармен байланысты шығындарды төлеу туралы мәліметтерді ұсыну керек. Бұл оның қаржысының болуы туралы банктен анықтама және барлық шығындарды төлеуге міндеттенетін қамқоршыдан нотариалды кепілдендірілген кепілдік;
- кәмелетке толмағандар үшін:
- нотариалды расталған туу туралы куәліктің көшірмесі;
- егер бала бөгде адамдармен саяхаттаса, кәмелетке толмаған баланың уақытша шығуына ата-анасының нотариалды расталған келісімі;
- оқу орнынан анықтама.