0 дауыс
629 көрілді
Келер шағы бар қыс деген тақырыпқа мәтін керек?

1 жауап

0 дауыс

Маған қысқы демалыс өте ұнайды. Ол жазғыдан әлдеқайда қысқа болғанымен, жарқын және көңілді өтеді. Менің ең сүйікті мерекем, осы мезгілде болады. Ересектер де, балалар да бұл мейрамды асыға күтеді. Адамдар шыршаларды безендіріп, үйлерді, мектептерді және саябақтарды әшкерлейді. Барлығы бір-біріне сыйлықтар сыйлап, Аяз атаның келуін күтеді. Мен қысты қатты жақсы көремін! Бұл жылдың ең сиқырлы уақыты. Айналаның бәрі аппақ болып кеткенде, ертегіде жүргендей болып кетесің. Бастапқы кезде, үйден шыққың келмейді. Бірақ, қардың бетімен жүрген кезде шығатын сықырлаған дыбыс, жүрекке қуаныш сыйлайды! Ең бастысы – бір жерде ұзақ тұрып қалмау керек. Егер қозғалыста болсаң – тоңбайсың! 

Күз кетіп, оның орнына қыс келеді. Далаға ақ кілем төселгендей қар жауады. Бұл мезгіл балаларға үлкен қуаныш сыйлайды! Олар сноуборд, шаңғы, шана және коньки тебуге мүмкіндік алады. Қыстың ажырамас бөлігі – бұл Жаңа жыл. Жаңа жыл – ең керемет және көңілді мереке. Бұл күні ересектер, балалар сияқты ғажайып заттардан үміттеніп, армандарының орындалуын тілейді. Біздің отбасы үшін – бұл жыл мезгілі ерекше уақыт. 

Біз қаланың сыртында тұрамыз. Үйдің ауласында бірнеше шырша өсіп тұр. Оларды безендіретін бұйымдарды өз қолымызбен жасаймыз. Кішкентай інімді қасыма ертіп алып, жаңа жылдың қарсанында аққаланы дұрыс қалауды үйретемін. Қысқы мейрамдар жанұяны біріктіріп, балаларға қуаныш сыйлайды. Қыс – суық мезгіл. Құстар жылы аймақтарға ұшып кетіп, тек қарғалар ғана қалды. Аяздың әсерінен терезелерде әдемі өрнектер пайда болды. Желтоқсан айында жиі қар жауады. Қаңтар айында аяздар күшейеді. Ал, ақпанда ауа райы жылынып, адамдар көктемнің келуін күтеді. Маған ол ұнайды! Өйткені, достарыммен бірге коньки тепкенді жақсы көремін! Қыс келді. Жердің бетіне ақ көрпе төселгендей. Күндер қысқарып, түндер ұзара бастады. Құстар ән айтуды тоқтатты. Біз досымыз екеуміз далаға шығып, аққала қаладық және шана тептік. Маған осы жыл мезгілі ұнайды, өзінді ертедегідей сезінесін, әсіресе қар жауып тұрған кезде.

Толығырақ: https://faktiler.kz/kys-turaly-shygarma/

...