0 дауыс
8.7k көрілді
16 жасқа толған балаға жеке куәлік алу үшін туу туралы куәлігі керек. Ал ол куәлікті жоғалтып алған жағдайда, бірақ оның көшірмесі болса не істеу керек??? көшірмесі бар тек түп нұсқасы жоқ, қайда барып, не істеу керек? немесе ХҚКО бару керек болса қандай құжаттарды ала бару керек??? білетіндеріңіз бар ма???

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жеке куәліктің жоғалуы немесе ұрлануына  байланысты – ХҚКО-на тапсырылуы тиіс құжаттар тізімі түрленеді. Ұрланған жағдайда бірінші кезекте тұрғылықты жеріңіз бойынша АІІД бөлімшесіне жүгіну керек, ол жерде тергеуші сізге құжаттың ұрланғаны туралы анықтама береді. Әрі қарай негізгі құжатты қалпына келтіру үшін тіркелу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару керек. Алдын-ала 1414 нөмірі бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай Call-орталығына қоңырау шалып, қажетті құжаттар тізімін білуге болады.

Ұрланған кезде жеке куәлікті қалпына келтіру үшін өзімен бірге мынадай құжаттар болуы керек:

  1) АІІД құжаттың ұрланғаны туралы анықтама;

  2) жеке куәліктің жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтініш;

  3) ұрланған жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

  4) 0,2 АЕК (396 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;

  5) төлқұжат (бар болса (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме));

  6) мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

  7) 3,5 x 4,5 см. өлшемді 2 фотосурет.

Жеке куәлік жоғалған жағдайда  сондай-ақ тіркелу орны бойынша келесі құжаттар тізімімен ХҚКО жүгіну қажет:

  1) жеке куәліктің жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтініш;

  2) 0,2 АЕК (396 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;

  3) жоғалған жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

  4) төлқұжат (бар болса (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме));

  5) мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

  6) 3,5 x 4,5 см. өлшемді 2 фотосурет.

Жеке куәлікті бір жылдың ішінде қайта жоғалтқан жағдайда азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 377-бабының 1-тармағы бойынша 5 АЕК (9910 тенге) мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жеке куәлікті жоғалтқанда және жаңа құжатты алғанға дейін уақытша жеке куәлік беріледі. Оны ХҚКО қызметкері азаматтың қалауы бойынша  - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қолмен анық толтырады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер енгізіледі: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және орны, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты мекенжайы, орган және берілген күні, қолданылу мерзімі, азаматтың қолы.

Егер ешқайда тіркелмесеңіз жеке куәлікті қалпына келтіруге бола ма?

Тіркеусіз жеке куәлікті қалпына келтіру «Қазақстан Республикасының  халықты құжаттандыру және тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 Қаулысына сәйкес мүмкін емес. Бұл жағдайда алдымен тiркелу, одан кейін құжатыңызды қалпына келтіру рәсімін бастау қажет. Тіркелу үшін сізге ХҚКО-да уақытша жеке куәлікті жасау қажет.

Баланың (16 жасқа дейін) төлқұжатын жоғалтқанда құжатты қалпына келтіру туралы өтінішті оның ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі ұсынады. 14 жасқа дейінгі балалар өз құжатын қалпына келтіру кезінде болуы қажет.

Баланың төлқұжатын қалпына келтіруге арналған құжаттар тізімі (16 жасқа дейін):

  1) төлқұжатты жоғалту жағдайларын көрсетумен жазбаша өтініш;

  2) 4 АЕК (7928 теңге) мөлшеріндегі төлқұжат үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;

  3) жоғалған паспорттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

  4) баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме); 

  5) ата-аналардың бірінің жеке куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

  6) мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

  7) 3,5x4,5 см өлшемді 3 фотосурет.

Жеке куәлікті қалпына келтіру процесі 30 күнтізбелік күнді алады, бірақ қажеттілігі болғанда қызмет жылдамдатылған мерзімде 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетілуі мүмкін. 

Жылдамдатылған рәсімдеу құны:

7 жұмыс күні - 1989 теңге;
10 жұмыс күні - 904 теңге;
15 жұмыс күні - 563 теңге.

0 дауыс
Сизде туу туралы куалигинизди жоғалтып алып жеке куалик ала алалмай отырсызба? Алсаныз калай алдыныз айтып жибересизбе?
...