0 дауыс
587 көрілді
Вид на жительстваға документ тапсырдым. Қанша айда келеді жауабы? 3 камиссиядан отеди деген еки камиссиядан отипти ушинши камиссиядан канша айда келеди .?

2 жауап

+1 дауыс

Қазақстанда тұру ықтиярхатын қалай алуға болады?

ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат көші-қон полициясының аумақтық органында беріледі. ҚР келушілерге және тұру ықтиярхатын алуға тілек білдірушілерге қойылатын негізгі талап олардың төлем қабілеттілігінің дәлелі болып табылады.

Тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін не қажет?

Тұру ықтиярхатын рәсімдемес бұрын елде кем дегенде үш жыл тұру керек. Ресми – яғни шетелдік келуі бойынша уақытша тіркеуді рәсімдейді, тұрақты түрде қажетті мерзімдер бойынша  оны ұзартады. Cоңыра осының негізінде оның елде талап етілетін уақытта болғанын дәлелдеуге болады.

Шетелдікке ТЫ ұсыну туралы шешімді қабылдау мерзімі 60 күнтізбелік күнді құрайды. Қазақстанда тұру ықтиярхатын алуды  ҚР туысқандық байланыстарының болуы жеңілдете алады. ҚР тұру ықтиярхатын ел аумағына «тұрақты тұру» санатындағы виза негізінде немесе басқа да заңды негізде келген шетелдік азаматтар ала алады (ресейліктер үшін – визасыз келу және кіру тәртібі туралы келісім негізінде).  Шетелдіктің тұру ықтиярхатын алуға тілеказаматтық алу, некеге отыру және т.б. Бұл себептерді шетелдік сұраныс хатты толтырғанда көрсетеді.

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхатты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 3-тармағына сәйкес тұру ықтиярхаты 10 жыл мерзімге, шетелдіктің азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзіміне беріледі. ҚР тұру құқығының қолданылу мерзімін ұзарту немесе жаңа үлгідегі құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер мерзімі аяқталардан 2 ай бұрын, ал жоғалтқан жағдайда үш тәуліктен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы  тиіс.

Жаңа тұру ықтиярхатын рәсімдеу кезінде шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрушы мәртебесін жоғалтпайды.

 

Үкімет қаулысына  сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхтаны рәсімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тұрғылықты жерінен мекенжай парағы ;
      2) мемлекеттік баж алымды төлеу туралы құжат;
      3) өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет;
      4) қолданыстағы ұлттық паспорт.
ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхатын толтыруда тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және басқа да мәліметтер оларды беруге негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхаты ҚР тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа толмаған балаларға тұру ықтиярхаты талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды өтініш беруші тапсырған сәттен  және тұру ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенге дейін формулярдың түбіртегін өтініш беруші алғаннан бастап  - 30 күнтізбелік күн;

Азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеуде мемлекеттік баж алымының мөлшері мемлекеттік баж алымын төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен 400 % құрайды. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын рәсімдеуде  мемлекеттік баж алымды төлеу күнінде белгіленген АЕК мөлшерінен 20 %.  Мемлекеттік баж алым ҚР банк мекемелері арқылы төленеді, оларға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беріледі.

0 дауыс
Кемінде 1 ай мерзімде беріледі...
...