1. Адам тек адамдар арасында ғана адам болады.
2. Дүниеде ешбір халықтың басқа халықтардан артық болып жаралмағанына мен кәміл сенемін.
3. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: біреулері нені айтуға, нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады.
4. Өз үйін ұнатпаған адам өзі өскен жұртын ұнатпайды, ал өзі өскен жұртын ұнатпаған адам өз елін, өз халқын сүйіп жарытпайды, ал онсыз адамзатқа деген сүйіспеншіліктің болуы да мүмкін емес.
5. Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.